Азаттықтың Қырғыз қызметінің зерттеуіне билік пен қоғам реакциясы
Азаттықтың қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop басылымы бірігіп жүргізген зерттеу жарияланды. Зерттеуде жүздеген миллион доллар қаражаттың Қырғызстан аумағынан шетелдерге қалай шығарылғаны, Қытайдан келген тауарлардың әуелде кедендік одақ, кейін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдерге қандай жолмен тасылғаны айтылды. Бұрынғы және қазіргі президенттердің де есімдері аталды. Іле-шала Қырғызстан президентінің канцеляриясы зерттеуде күдікті ретінде айтылған Қазақстан азаматы мен Сооронбай Жээнбековтің ортақ бизнесі жоқ екенін мәлімдеді. Қырғызстан қоғамы мен билігінің назарын аударған зерттеудегі осы және өзге де мәліметті Азаттықтың қырғыз қызметінің журналисі, авторлардың бірі Али Токтакуновпен болған сұхбаттан біліңіздер.
ПІКІРЛЕР