Қырғызстанда қалыңдық ұрлаған адамға кесетін қылмыстық жазаны күшейту туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Заңды жақтаушылар «адам түгілі мал ұрлағандардың өзі көп жылға сотталады» дейді.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен қаласында тұратын Әлимаханды 16 жасында алып қашқан. Қазір 20 жастағы келіншек үш жасар ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.
– Мектеп бітірісімен мені өз ауылымның бір жігіті алып қашты. 26 күннен кейін ол жігіт Ресейге кетіп қалды. Оның әке-шешесінің үйінде алты айдай тұрдым. Біраздан кейін қайын енем өзімді, мінезімді жақтырмай, түртпектей бастады. Ақыры кетуіме тура келді. Әке-шешемнің үйіне келіп босандым, қазір балам үш жаста. Бұрынғы күйеуім екеуміздің некеміз тіркелмегендіктен одан ешқандай көмек алмаймыз, туыстарымен де байланысымыз жоқ, – дейді Әлимахан.
СИЫР ҰРЛАСА – 11 ЖЫЛҒА,
ҚЫЗ ҰРЛАСА – 3 ЖЫЛҒА
Мұндай жағдайға ұшыраған қыздардың құқы заң жүзінде әлсіз қорғалған. Өйткені мұндай некелер көбінесе мешітте қиылып, мемлекеттік мекемеде тіркелмейді.
Жаңа заң жобасында жас жұбайларды мемлекеттік тіркеуден өтпеген некесін қиған діни қызметшілерге айыппұл салу туралы ұсыныс бар. Қыз ұрлағаны үшін түрмеге қамау мерзімін де ұлғайту ұсынылған.
Қырғызстанда сиыр ұрлаған адамның өзі 11 жыл түрмеге кесілуі мүмкін. Бірақ кәмелет жасына толмаған бойжеткенді алып қашып, күштеп үйленген адам көп дегенде үш жыл түрмеге кеседі. Екі жақ мәселені өзара шешкенді жөн көреді де, мұндай жағдайлардың көпшілігі заңға тартылмайды.
Егер жаңа заң жобасы күшіне енсе, қыз ұрлаған адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл қылмысқа тағайындалатын жаза адам ұрлаудың басқа түрлеріне кесілген жаза мерзімімен теңестірілді.
Қазанның 18-і күні заң жобасы Қырғызстан парламентінде екінші оқылымнан өтті. Егер ол үшінші оқылымнан өтіп, заңға Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қол қойса, құжат күшіне енеді.
«ӨЗ ЫҚТИЯРЫММЕН КЕЛДІМ»
Қырғыз жұртында бұл заң жобасына қарсы шығып жатқан азаматтар да бар. Олардың айтар уәжі – «қалыңдық ұрлау – қырғыздардың ата салты». Алып қашып келген қалыңдықтардың өздері де кейде отбасы, жұртшылық, жергілікті билік органдарының қысымына тап болып, жігітке айып тағудан бас тартады.
Бірақ мұндай тағдырға мойынсұнбайтын жандар да бар. Парламент алдында митинг ұйымдастырған құқық қорғаушы Банура Әбдиева ұрланған қыздардың бірінің ақтық хатының көшірмесін депутаттарға таратты. Ыстықкөл облысында 20 жастағы бойжеткен Ырыс Қасымбай өзін алып қашқан жігітке күшпен ұзатылған соң асылып өлген.
Ырыс Қасымбайды ұрлап әкетіп, зорлағаны үшін Шаимбек Иманқұлов биыл қыркүйек айында алты жылға түрмеге кесілді.
Мұсылман әйелдердің «Мутакалим» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Жамал Фронтбекқызының айтуынша, тұрмысқа шығу туралы шешімді кәмелет жасына толмаған қыздардың өздері ғана қабылдауы тиіс.
– Ерте некелесу әр қыздың өз шешімі болуы тиіс. Оны ешкім, тіпті әке-шешесі де мәжбүрлей алмайды. Қалыңдықты алып қашу, зорлықпен некелесу ислам қағидаларына жат нәрсе екенін қайталаудан шаршамаймын, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Құқық қорғау орындарының деректері бойынша, Қырғызстанда жылына 12 мыңға жуық жас қызды алып қашып, күшпен некелеседі. БҰҰ зерттеулеріне сәйкес, ауылдық жерде тіркелген некелердің 80 пайызы қалыңдық ұрлау нәтижесінде қиылған.
Мақала Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшілері Антуан Блуа мен Гүлайым Әшекееваның материалы негізінде жазылды.

Қалыңдықты алып қашу, зорлықпен некелесу - ислам қағидаларына жат нәрсе.