Қырғызстандық журналистті «қарақшылар» ұрлап әкетіп, екі сағат ұстаған. Бұны істеген жергілікті газет тілшілері «қалжыңдадық» деп ақталады. Ал тележүргізуші полицияға арыз түсірді.
Оқырмандарды күлдіреміз деп журналистер кейде шектен шығып кетеді. Бұл әрекеттері өздеріне кесірін тигізіп те жатады.
«ЖЕРГЕ ҚҰЛАЙ КЕТТІМ ДЕ, ЖЫЛАП ЖІБЕРДІМ»
Оспадар ойынның құрбаны болған - Қырғызстанның танымал тележүргізушісі Назира Айтбекова. Осы аптада болған бұл оқиғаның соңы екі журналистің жұмыстан шығуы мен іске тергеушілердің араласуына ұласты.
Тележүргізуші Назира Айтбекова болған оқиғаның жай-жапсарын қазанның 31-і күні баспасөз мәслихатында баяндап:
- Қазанның 30-ы күні маған екі ер кісі келіп, самайыма тапанша тақап, көлікке отырғызып, алып кетті, - деді.
Олар Айтбекованы Бішкектің сыртына апарып, жартылай шешіндіріп, «өлтіреміз» деп қорқытқан. «Көзіңді аш дегенше, жұмып отырасың» деген.
Тележүргізуші жергілікті «Супер-инфо» газетінің журналистері ойлап тапқан «тамашатор» деп аталатын қалжыңның құрбаны болғанын біраздан соң түсінген.
Айтбекова Азаттық радиосына қалай «есінен танып қала жаздағанын» айтып берді.
- Мен «Бұл – «Супер-инфоның» сюрпризі» дегенді естіген кезде олардың мені осынша уақыт қорлағанына ызам кеп, жерге құлай кеттім де, жылап жібердім. Олар «Не ойлап қалдың?» деп сұрай берді. Өлетін шығармын деп, баламмен қоштасып тұрғанда мен не ойлауым керек? - деді Назира.
Айтбекова екі сағат еріксіз тұтқында болғаны үшін құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Айтуынша, бұл оқиғаны олар камераға түсіріп алған.
Полиция «Бұл істі тексеріп жатырмыз, бірақ әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ» дейді.
«ЕКІ ЖУРНАЛИСТІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРДЫҚ»
Айтбекованың күйеуі Искендер Шаршеев:
- Керек болса, президентке және бас прокуратураға дейін шағым түсіремін. Бұл қалжың емес. Бұл - тапсырыстың бір түрі. Олар өздерінің әрекеттерін жұмсартып көрсету үшін бұл оқиғаны «жәй қалжың» деп отыр. Бұл – қылмыс - деді.
Журналистер бұл «қалжыңды» газеттегі «Әзіл» рубрикасына күлкілі материал етіп дайындау үшін ұйымдастырған.
«Супер-инфо» газеті Айтбековадан кешірім сұрады. Газет иесі Шайста Шатманова:
- Редактордың нұсқауын дұрыс орындамағаны үшін екі журналисті жұмыстан шығардық, - дейді.
Редактор мен бас редактор журналистерге «Назираны қатты қорқытпаңдар және өміріне қауіпті ештеме жасамаңдар, шектен шықпаңдар» деп ескерткен. Ал тілшілер «өз бетінше әрекет еткен».
Әділет министрі Алмамбет Шыкмаматов журналистердің әрекетін «Адамшылыққа жатпайтын жабайылық және ақылға сыймайтын сұмдық» деп сипаттады.
- Айтбековаға сот және журналистер қауымы арқылы өз құқығын қорғауға кеңес беремін. Өздерін «журналистпіз» деп атаған тілшілердің осы келеңсіз оқиғаға жауап берулері тиіс деп санаймын, - деді әділет министрі.
Бұл оқиға Қырғызстанда әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық реакция туғызып, көптеген адамдар газет басшылығының жауапқа тартылуы қажеттігін айтып жатыр.
Елде «Қырғызстанның әлеуметтік даму министрі Қылышбек Сұлтановтың аптасына 100 мың данамен тарайтын «Супер-инфо» газетімен жақын байланысы бар екені» көп айтылады.
27 жастағы Айтбекова Қырғызстанда ток-шоулар мен көңілді бағдарламаларды жүргізеді. Ол таяуда көріпкелдік қабілеті бар адамдар қатысатын «Ғалам құпиялары» бағдарламасын ашты. Бағдарлама елдегі консервативті мұсылмандардың сынына ұшырады.