Accessibility links

Қырғызстанның мүфтиі қызметінен кетуге арыз берді


Қырғызстанның ресми мұсылмандар діни басқармасының басшысы Чубак қажы Жалилов.
Қырғызстанның ресми мұсылмандар діни басқармасының басшысы Чубак қажы Жалилов.
Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Чубак қажы Жалилов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бүгін Жалиловтың арызын ғұламалар кеңесі қарап жатыр.

Қырғызстан діни басқармасына екі жыл жетекшілік еткен Чубак қажы Жалилов қызметінен кетуіне қатысты сұраққа «денсаулығының нашар екенін» айтып, «бұл қызметте қырғыздың басқа да белді жігіттері күш сынап көрсін» деп жауап берді.

«ЖАСАҒАН ІСТЕРІМЕ РИЗА БОЛЫҢЫЗДАР»

- Мен мүфтилік қызметтен кету жөнінде ғұламалар кеңесіне арыз жаздым. Арызымда «Екі жыл істедім, осы мерзімде жасаған істеріме разы болыңыздар. Бұдан ары басқа істермен айналысайын, рұқсат беріңіздер» деп сұрандым, - деді Жалилов.
Чубак қажы Жалилов Азаттықтың Қырғыз қызметінің кеңсесінде.
Чубак қажы Жалилов Азаттықтың Қырғыз қызметінің кеңсесінде.

Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында муфти Ислам университетінде ұстаздық етуді немесе шығармашылықппен айналысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Жалиловтың айтуынша, ғұламалар кеңесі шілденің 17-сі күні кезектен тыс жиын өткізіп, шешім шығаруы тиіс. Содан кейін жаңа мүфтидің кандидатурасы талқыланбақ.

Чубак қажы келесі мүфти кім боларын білмейтінін айтты.

Ал сарапшы Кадыр Маликов Чубак қажы Жалиловтың қызметінен кету туралы шешіміне таң қалғанын айтты.

- Қажылыққа дайындық жүріп жатқан тұста мұндай өзгерістер қажет емес еді, - деді ол.

Маликов мүфтидің орнына таласқан топтар бар екенін де айтты.

«ЖҰМАҒҰЛОВТЫ ҚАМДАП ОТЫРМЫЗ»

Азаттық шілденің 17-сі Қырғызстанда өздерін «бастамашыл топ» деп атаған адамдардың балама мүфтият құру мәселесін көтергені туралы мақала жариялады.

Бастамашыл топ Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының алдында боз үй (киіз үй) тігетіндерін, сол үйде балама мүфтият орналасатынын мәлімдеген еді.

Балама мүфтият құру ұсынысы туралы видео:
Балама мүфтият құру әрекеті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00
Жүктеп алу

«Бастамашыл топ» өздерінің бұл ұсыныстарын Чубак қажы Жалиловтың «іс жүргізудегі әлсіздігімен, әрі сонысына қарамай қызметінен кетпей отырғанымен» түсіндірген еді. Бірақ Жалилов Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұқбатында:

- Бұл - күлкі келтіретін нәрсе. Үш адам ауылда жиылып жасаған, жас балалардың «кел, сені президент сайлаймыз» деген ойыны сияқты дүние. Ертең төрт ақсақал шығып, «Біз Эшматты президент сайладық» десе, ол президент бола қалмайды. Ғұламалар кеңесінің үштен екісінің дауысын алған адам ғана мүфти болып сайланады. Әркім мүфти сайлап, әркім спикер сайлай беретіндей бұл ойыншық мәселе емес. Олардікі ақылға сыймайтын іс, - деді.

Чубак қажы Жалиловтың қызметінен кетуін талап етіп, балама мүфтият құруды ұсынғандардың бірі Жыпарбек қажы Тойчубеков «мүфтилік қызметке өздерінің Руслан қажы Жұмағұловты қамдап отырғандарын» айтқан еді. Әзірге жаңа мүфтидің қызметіне лайық деген әрі биліктің көңілінен шығатын екі адамның аты аталып отыр. Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, олар - Руслан Жұмағұлов пен Абдышүкүр Нарматов.

Чубак қажы Жалилов - 87 адамның қаны төгілген сәуір төңкерісінен кейін тез-тез алмасқан уақытша муфтилерді санамағанда, тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы бесінші мүфти.
XS
SM
MD
LG