Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты 15 жылға сотталған Нұрсұлтан Исаевты қолдаушылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Олар Исаевты жазықсыз қамалды деп есептейді. Нұрсұлтан Исаев түрмеден өкініш хат жолдап, онда ары таза екенін жазған.