Байден: АҚШ пен оның одақтастары біріге отырып, табанды жауап қайтарады
АҚШ президенті Джо Байден: Осы шабуылдың салдарынан болатын кісі қазасы мен қирауға Ресейдің бір өзі жауапты болады. Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары біріге отырып, табанды жауап қайтарады. Әлем Ресейді жауапты етеді.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба:
"Путин Украинаға қарсы соғыс ашты. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жалғасуда. Бұл – жаулап алу соғысы. Украина қорғанады және жеңіп шығады. Әлем Путинді тоқтата алады, тоқтатуы тиіс те. Әрекетке дәл қазір кірісу керек".
НАТО бас хатшысы Ресейдің Украинаға шабуылын айыптады
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинаға қатысты әрекетін айыптады.
"Ресейдің Украинаға қиянатшыл шабуылын түбегейлі айыптаймын. Шабуыл өте көп адамның өмірін қауіпке тігеді" деп жазылған Столтенберг мәлімдемесінде.
"Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу, Еуроатлантикалық қауіпсіздікке төнген қатер. Ресейді тез арада әскери қимылын доғарып, Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтауға шақырамын" деді Столтенберг.
Оның айтуынша, НАТО одақтастары жақын арада жағдайды талқылайды.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш: "Президент Путин, адамзат үшін әскеріңді әкет!"
ПІКІРЛЕР