Беларусьте Украина мен Ресей арасындағы келіссөз басталғаны хабарланды. Беларусьтің мемлекеттік БЕЛТА агенттігі ютуб каналында келіссөз өтетін залдан тікелей эфир бастап, кейін үзіп тастады.
Украинамен келіссөз жүргізуге келген Ресей делегациясының құрамы белгілі болды:
- Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский
- Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов
- Депутат Леонид Слуцкий
- Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко
- Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин
Делегацияны Мединский басқарады
Мәскеу-Киев келіссөзі алдында Украина президенті мәлімдеме жасады
"Біз Еуропалық одақтан Украинаны Еуроодаққа жаңа арнайы процедура бойынша дереу қабылдауды сұраймыз. Одақтастарға жанымызда болғаны үшін алғыс білдіреміз. Бірақ біздің мақсатымыз – барлық еуропалықпен бірге және олармен тең болу. Мен мұның әділ екеніне сенімдімін. Мен мұның мүмкін екеніне сенімдімін.
Зеленский ресейлік әскерилерге "Не үшін келдіңдер мұнда? Брондалған техникадан тұратын колонналарыңыз неліктен біздің Қырымнан өзімізге шабуыл жасайды?... Техникаларыңды қалдырып, кетіңдер. Командирлеріңе сенбеңдер. Пропагандашыларыңызға сенбеңіздер. Кетіңдер" деді.
Харьковқа шабуыл жасалғаны хабарланды
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Харьков қаласы "Град" реактивті жүйесінен атқылауға ұшырап жатыр деп мәлімдеді. "Ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды" деп жазды ол.
Украинаның экс-инфраструктура министрі Владимир Емельян да твиттерде "Путин Харьковты "Градпен" атқылап жатыр" деп жазды.
ПІКІРЛЕР