Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Олимпиаданың екінші күні Қазақстан жүлде алмады
8 тамыз 2016 жыл, 08:02
Руслан МЕДЕЛБЕК
Қазақстан спортшыларының Рио олимпиадасының екінші күніндегі ең үздік нәтижесі төртінші орын болды. 56 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен ауыр атлет Арли Чонтей жүлдеге іліне алмады.
1
66 килограмм салмақ дәрежесі бойынша белдескен қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов алғашқы кездесулерінің бірінде осы салмақта әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған оңтүстік кореялық Ан Ба Улдан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
2
Ан Ба Ул қазақстандық балуанды қолдан тартып, ауырту әдісімен жеңді. Жарыстан кейін Жансай Смағұлов Азаттық тілшісіне "Жеребе сәтсіз түсті. Бірден қиын қарсыласқа тап келдім" деді. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
3
Жарысқа 56 килограмм салмақ дәрежесі бойынша түскен ауыр атлет Арли Чонтей төртінші орын алды. Ол штанганы жұлқа көтеруде 125 және 130 килограмм салмақ көтерді, 132 килограмды еңсере алмады. Ал серпе көтеруде 148 килограмм көтеріп, кейін 153 және 154 килограмм салмақты ұстап тұра алмады. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
4
Арли Чонтей 278 килограмм нәтижемен төртінші орын алды. Ол алтын алған қытайлық атлет Лун Цинцюаньнен 29 килограмм аз көтерді. Жарыстан кейін Чонтей "қобалжуын баса алмай, соның зиян келтіргенін келтіргенін" айтты. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
5
Ауыр атлетикада әйелдер арасында 48 килограмм салмақ дәрежесі бойынша медальға таласқан Маргарита Елисеева бесінші орын алды. Ол өзіне берілген алты мүмкіндіктің үшеуін ғана пайдаланды. Рио-де-Жанейро, 6 тамыз 2016 жыл.
6
100 метрге брасс әдісімен (құлаштап) жүзу жарысында қазақстандық Дмитрий Баландин сегізінші орын алды. Ол финал кезінде қатты қобалжып, өзінің үздік нәтижесін көрсете алмағанын айтты. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
7
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жекелей жарыстың бірінші айналымында жапониялық Мисаки Доидан жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
8
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова командаласы Галина Воскобоевамен бірге шығатын жұптық жарысты да аяқтады. Воскобоеваның ескі жарақаты асқынып, матчты жалғастырудан бас тартты. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
9
Олимпиада ойынына тәуелсіз ел ретінде алғаш рет қатысқан Косово елі тұңғыш жүлдеге қол жеткізді. Дзюдодан 52 килограмм салмақ бойынша күрескен Мажинда Келменди олимпиада чемпионы атанды. Рио-де-Жанейро, 7 тамыз 2016 жыл.
Олимпиаданың екінші күні Қазақстан жүлде алмады
Ұқсас
Қытайдан келген атлет Қазақстанға қола жүлде әперді
Back to top
XS
SM
MD
LG