Өзбекстандық бала күтуші
Қарауындағы төрт жасар баланы өлтіріп, оның басын Мәскеу көшесінде ұстап жүргені үшін айыпталған бала күтуші өзбек әйел бұл қылмысты жасауға «Аллах бұйрық берді» деп мәлімдеді. Наурыздың 2-сі күні сот залына келген 38 жастағы Гүлчехра Бобокулова журналистердің сауалына осылай жауап берді. Бобокулова ақпанның 29-ы күні Мәскеу метро станциясының сыртында қара киім және хиджаб киіп, қолына көтерген өзі өлтірген баланың кесілген басын сермеп «Мен торроршымын» деп айғайлап жүрген жерінде бейнебаянға түсіп қалған.