Ресей мемлекеттік думасының депутаттары қаңтардың 25-і күні Орталық Азиядан келген мигранттарға ұнамайтын қадам жасады. Насыбай туралы бабы бар заң думада екінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заң жобасына Ресей президенті қол қойса, ол елде насыбай атуға тыйым салынады.
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИГРАНТТАРЫ ЖАМАН ӘДЕТ ӘКЕЛЕДІ»
Насыбайға қатысты тармақ аталған заң жобасына соңғы сәтте ілінді. Владимир Жириновский басқаратын оңшыл Ресей либерал-демократиялық партиясының (ЛДПР) өкілі «орыс жастарын азғындаудан сақтау үшін насыбайға тыйым салайық» деген ұсыныс түсірді.
ЛДПР өкілі Дмитрий Носов Ресейдегі насыбай тұтынушылардың 95 пайызы балалар мен жасөспірімдер екенін айтты.
- Шылымға қарағанда арзанырақ насыбайды сатып алу қиын емес. Оны кімдер сатып жүргенін ешкім тексеріп жатқан жоқ. Балалар насыбайды Мәскеудегі кез-келген аула сыпырушыдан сатып ала алады, - деді ол.
Бұл сөзімен ұлтшыл партияның өкілі Орталық Азиядан келген мигранттарды меңзеп өтті. Бұл партия мүшелерінің Ресейдің көптеген әлеуметтік мәселелеріне мигранттарды айыптайтыны бұрыннан белгілі.
Ресей қоғамы насыбайды мұнда Орталық Азиядан келген мигранттар әкелді деп ойлайды. Кішкентай түйіршік күйінде ауызға салып, кейін түкіріп тастайтын насыбайды Ресейге маусымдық жұмыс іздеп келетін, жеміс-жидек сататын мигранттар жеткізеді. Оны көбіне лицензиясы бар шылым дүкенінен емес, қара базардан сатып алуға болады.
Ұлтшыл орыстардың басым бөлігі «Орталық Азиядан келген мигранттар неше түрлі жағымсыз әдеттер әкеледі» дейді.
Ал Орталық Азиядан Ресейге барған мигранттар «заң қабылданса да, біз насыбайды қоймаймыз» дейді. Өзін Әлішер деп таныстырған Өзбекстаннан келген мигрант Азаттыққа берген сұхбатында:
- Насыбайым таусылып қалмаса, ары қарай ата беремін. Бұл жақта менің отандастарым көп. Олардан «Насыбай бар ма?» деп сұрасам, «Саған тауып береміз» дейді. Кішкентай қапшығы 50 рубль тұрады. Біз шылым шеккеннің орнына насыбай атамыз, себебі оның әсері күштірек, - деді.
НАСЫБАЙДЫҢ ЗИЯНЫ КӨП
Насыбай Ресей мен Орталық Азияның бірқатар елдерінде қазір заңды тауар саналады. Ол Орталық Азияның жеке кәсіпорындарында бірнеше қоспаны араластыру арқылы жасалады. Заң бойынша тыйым салынбағанымен, денсаулыққа зиян екені көптен бері айтылып келеді.
Насыбайды әдетте темекі күлі, желім, су араласқан әк және майдан жасайды. Құрамында химиялық хош иістендіргіш пен бояғыштар да болуы мүмкін. Насыбайшылар оның бір немесе бірнеше түйірін ернінің астына, болмаса тіліне салып, 10-15 минут ұстайды.
Бұл өнімді Орталық Азия жастары жақсы біледі. Өйткені, ол арзан. Насыбай салынған бір пакеттің құны Орталық Азия елдерінде бес-он АҚШ центі арасында болса, Ресейдегі бағасы үш АҚШ долларына жуықтайды.
Орталық Азия тұрғындарының баяғыдан пайдаланып келе жатқан өнімі болса да, насыбайдың зияны туралы деректер көп. Аймақ елдерінің үкіметтері насыбайға тыйым салу мәселесін де көтерді, бірақ тек біреуі ғана оны іс жүзіне асырды.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов 2008 жылы насыбай өндіруге, тұтынуға және сатуға тыйым салған заң қабылдады.
Денсаулық сақтау саласының мамандары насыбай шегу бас ауруы мен селқостық және асқазан қыжылына душар ететінін айтады. Үнемі насыбай атқан адам ерін мен тілдің қатерлі ісігі сияқты қауіпті кеселге шалдығуы мүмкін.
- Насыбайдың адам денсаулығына теріс әсері көп. Бірқатар елдерде оған тыйым салынған, біз де сондай шара қабылдауға тиіспіз. Насыбайдың химиялық құрамы туралы толық мәлімет бере алмаймын, оны жасайтындар ойына келген заттың бәрін қосады. Ал әк пен темекінің болатыны анық. Орталық Азия тұрғындарының насыбай атқандықтан, ауыз қуысының қатерлі ісігіне көп ұшырайтынын байқадық, - деді Ресейдің қатерлі ісікке қарсы ұйымының профессоры Владимир Левшин Азаттық тілшісіне.
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.