Орыс пен серб арасындағы «славян бауырластығы» еңбек мигранттарына жүрмейтін сияқты. Сочиде заңсыз еңбек мигранттары ретінде ұсталған жүзден аса сербтер Сербия және Босния мен Герцеговинаға оралды. Ұсталмаған мигранттар да Ресейден қашып шыққан.
АЛДАНҒАН ЖҰМЫСШЫЛАР
Лозница (Сербия) ауылында тұратын 21 жастағы Милан Ефтич Азаттық тілшісіне:
- Ұстап ала ма деп соңғы үш күнде полициядан қашып жүрдік. Көшенің түкпір-түкпіріне, кафелерге тығылдық. Құрылыс алаңдарын тауып, сонда бас сауғаладық, - дейді.
Ефтич Лозницадан Ресейге бұдан үш ай бұрын аттанған екен. Жұмыс беруші «сылақшы боласың, шаршы метріне 9 еуро аласың» деген. Өзі «осы уақыт ішінде 9 еуромен есептегенде 4 мың 500 еуроның жұмысын істедім» дейді. Бірақ оған небәрі 700 еуро төлеген. Содан кейін ол жұмыс орнынан кетіп қалған.
Оны Ресейдің федералдық миграция қызметі басқа 30 жұмысшымен бірге ұстап алады. Олардың ішінде болған Боснияның Билеча қаласының тұрғыны Миомир Столица:
- Екі ай бұрын Босния мен Сербияның көптеген азаматтарымен бірге мен де Ресейге аттандым. Бізді алдап соқты. Құрылыста істедік, бірақ ақшамызды ала алмадық. Тұрып жатқан үйімізге полиция келіп, бізді ұстап әкетті. Түрмеге қамады. Босния елшілігіне хабарластық, олар көмектесе алмады. Сербия елшілігі жәрдем берді, - дейді.
Сочи олимпиадасы келесі апта, қаңтардың 7-сі күні басталады. Бірақ қысқы олимпиада алдында мигранттардың еңбегін төлемеу, оларды депортация жасау немесе мигранттардың өздерінің Ресейден қашып шығуы – қалыпты құбылысқа айналды.
«РЕСЕЙДЕ 40 МЫҢ МИГРАНТ ЖҮР»
Ресейлік фирмалар ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында өтетін олимпиада ойынына қажетті құрылыстарды салу үшін мыңдаған еңбек мигранттарын жалдаған. Олардың көбі - Орталық Азиядан келген жұмысшылар.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғаушы ұйым осы айдың басында Нью-Йоркте жасаған баяндамасында «олимпиадаға дайындық кезінде адам құқықтарының бұзылғаны, еңбек мигранттарына әділетсіз қарым-қатынас жасалғаны» туралы мәлімдеді.
HRW ұйымының Ресейдегі өкілі Таня Локшина «Ефтич пен Столицаның басынан өткен жағдай Ресейдің мигранттарды жәбірлеп, өтемақысыз қайтарып жатқанын көрсетеді» дейді.
Серб үкіметі Сочиде құрылыста істеген 123 ер адамға арнап шұғыл ұшақ жіберді. Сербия астанасы Белградтағы Босния өкілдігінің жетекшісі Младен Кикович (Mladen Cicovic) қаңтардың 22-сі күні «мигранттардың біразы Белградтан бірден үйіне кеткенін, ал қалғаны мұнда бір күн түнегенін» айтты.
- Серб үкіметімен келісіп, оларды «Славия» қонақүйіне орналастырдық. Таңертең оларға бутерброд пен билет апарып бердік. Кейбірі - Вышеградқа, енді бірі Баня-Лукаға кетті. Бір адам Братунацқа аттанды, - дейді ол.
Сербиялық мигрант Ефтичтің айтуынша, «Сочидегі өмір жайсыз». Олар жиһазы жоқ, жылу берілмеген, су келмейтін бөлмеде тұрған. Жұмыс істеуге рұқсат қағаздары болмаған.
- Бірінші және екінші рет ұсталғанда төлқұжаттарымызды қайтарып отырды, бірақ үшіншісінде бермеді. Оны алған орыстар ма, украиндар ма – білмеймін. Біз оған да шыдадық. Таңғы жетіден түн батқанша жұмыс істедік. Жалақысын сұраған адамға «ақша жоқ» дейтін, - дейді Ефтич.
Сербияның тәуелсіз құрылысшылар одағының президенті Саша Симич (Sasa Simic) «Ресейде 40 мың серб жұмысшысы еңбек етіп жүр» дейді. Ал Сочиде қанша серб мигранты жүргенін ол айта алмады.
КӨЛЕҢКЕЛІ КӘСІП
Мигранттар «жұмысшыларды Ресейге баруға үгіттейтін делдал компаниялардың әрекетін мемлекет бақылай алмайтынын, көбіне олардың төлқұжатын жұмыс беруші алып алатынын» айтады.
- Бұның бәрі - сыбайлас жемқорлықтан туған әрекет. Жұмысшылардың құжатын заңсыз алғандарға қарсы үкімет қылмыстық іс қозғауы тиіс қой. Адамды саудалап, оны тегін еңбекке мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ, - дейді Саша Симич.
Қаңтардың 23-і күні серб шенеуніктері Чачак қаласындағы тіркелмеген рекрутинг (шетелге мигрант апаратын фирма – ред.) фирмасының қожайыны, 59 жастағы Душан Кукичті тұтқындады. Ол «Сочиге аттанған серб мигранттарының тағдырына жауапты» деп танылды.
Босния мен Герцеговина құрамындағы екіге бөлініп жатқан (картада қызылмен белгіленген) әкімшілік құрылым. 1995 жылғы Дейтон келісімі бойынша, Босния мен Герцеговина құрамындағы Серб Республикасы - бөлек билік жүйесі бар аймақ. Босния мен Герцеговинаның өзге аймақтары ұсақ кантондарға бөлінген. Бұл әкімшілік құрылымдардың заңдары мен үкіметтері бар.
Серб Республикасы - Сербия мемлекетінен бөлек құрылым. Тәуелсіз Сербия астанасы – Белград. Ал Босния мен Герцеговина құрамындағы Серб Республикасы астанасы - Баня-Лука.
Бірақ Сербия тәуелсіз құрылысшылар одағының президенті Симич «мәселе оны тұтқындаумен шешілмейтінін» айтады.
- Ресей 2018 жылы футболдан әлем кубогына дайындалады. Сол кезде тағы алып ғимараттар салады, жұмыс күші арзан және кәсіби деңгейі жоғары болғандықтан, тағы да біздің мамандарға үміт артады, - дейді ол.
Боснияның Билеча қаласының тұрғыны Миомир Столица «қаржылық жағдайын жақсартудың реті келсе, ол мүмкіндікті де құр жібермейтін» айтады.
Ол Сербияда Босния мен Герцеговина құрамындағы Серб Республикасы президенті Милорад Додиктің «Тәуелсіз социал демократтар одағы» партиясына қатысы бар адамдарға ғана жағдай жасалғанын айтады.
- Сочиге баруға мені не мәжбүрледі дейсіз. Мен - отбасылы адаммын, кішкентай балам бар. Боснияда жұмыс таба алмаймын. «Тәуелсіз социал демократтар одағы» партиясының да мүшесі емеспін. Басқа амалым қалмады, - дейді ол.
(Зоран Главонижич пен Мария Арнаутовичтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
АЛДАНҒАН ЖҰМЫСШЫЛАР
Лозница (Сербия) ауылында тұратын 21 жастағы Милан Ефтич Азаттық тілшісіне:
- Ұстап ала ма деп соңғы үш күнде полициядан қашып жүрдік. Көшенің түкпір-түкпіріне, кафелерге тығылдық. Құрылыс алаңдарын тауып, сонда бас сауғаладық, - дейді.
Ефтич Лозницадан Ресейге бұдан үш ай бұрын аттанған екен. Жұмыс беруші «сылақшы боласың, шаршы метріне 9 еуро аласың» деген. Өзі «осы уақыт ішінде 9 еуромен есептегенде 4 мың 500 еуроның жұмысын істедім» дейді. Бірақ оған небәрі 700 еуро төлеген. Содан кейін ол жұмыс орнынан кетіп қалған.
Оны Ресейдің федералдық миграция қызметі басқа 30 жұмысшымен бірге ұстап алады. Олардың ішінде болған Боснияның Билеча қаласының тұрғыны Миомир Столица:
- Екі ай бұрын Босния мен Сербияның көптеген азаматтарымен бірге мен де Ресейге аттандым. Бізді алдап соқты. Құрылыста істедік, бірақ ақшамызды ала алмадық. Тұрып жатқан үйімізге полиция келіп, бізді ұстап әкетті. Түрмеге қамады. Босния елшілігіне хабарластық, олар көмектесе алмады. Сербия елшілігі жәрдем берді, - дейді.
Сочи олимпиадасы келесі апта, қаңтардың 7-сі күні басталады. Бірақ қысқы олимпиада алдында мигранттардың еңбегін төлемеу, оларды депортация жасау немесе мигранттардың өздерінің Ресейден қашып шығуы – қалыпты құбылысқа айналды.
«РЕСЕЙДЕ 40 МЫҢ МИГРАНТ ЖҮР»
Ресейлік фирмалар ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында өтетін олимпиада ойынына қажетті құрылыстарды салу үшін мыңдаған еңбек мигранттарын жалдаған. Олардың көбі - Орталық Азиядан келген жұмысшылар.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғаушы ұйым осы айдың басында Нью-Йоркте жасаған баяндамасында «олимпиадаға дайындық кезінде адам құқықтарының бұзылғаны, еңбек мигранттарына әділетсіз қарым-қатынас жасалғаны» туралы мәлімдеді.
HRW ұйымының Ресейдегі өкілі Таня Локшина «Ефтич пен Столицаның басынан өткен жағдай Ресейдің мигранттарды жәбірлеп, өтемақысыз қайтарып жатқанын көрсетеді» дейді.
Серб үкіметі Сочиде құрылыста істеген 123 ер адамға арнап шұғыл ұшақ жіберді. Сербия астанасы Белградтағы Босния өкілдігінің жетекшісі Младен Кикович (Mladen Cicovic) қаңтардың 22-сі күні «мигранттардың біразы Белградтан бірден үйіне кеткенін, ал қалғаны мұнда бір күн түнегенін» айтты.
- Серб үкіметімен келісіп, оларды «Славия» қонақүйіне орналастырдық. Таңертең оларға бутерброд пен билет апарып бердік. Кейбірі - Вышеградқа, енді бірі Баня-Лукаға кетті. Бір адам Братунацқа аттанды, - дейді ол.
Сербиялық мигрант Ефтичтің айтуынша, «Сочидегі өмір жайсыз». Олар жиһазы жоқ, жылу берілмеген, су келмейтін бөлмеде тұрған. Жұмыс істеуге рұқсат қағаздары болмаған.
- Бірінші және екінші рет ұсталғанда төлқұжаттарымызды қайтарып отырды, бірақ үшіншісінде бермеді. Оны алған орыстар ма, украиндар ма – білмеймін. Біз оған да шыдадық. Таңғы жетіден түн батқанша жұмыс істедік. Жалақысын сұраған адамға «ақша жоқ» дейтін, - дейді Ефтич.
Сербияның тәуелсіз құрылысшылар одағының президенті Саша Симич (Sasa Simic) «Ресейде 40 мың серб жұмысшысы еңбек етіп жүр» дейді. Ал Сочиде қанша серб мигранты жүргенін ол айта алмады.
КӨЛЕҢКЕЛІ КӘСІП
Мигранттар «жұмысшыларды Ресейге баруға үгіттейтін делдал компаниялардың әрекетін мемлекет бақылай алмайтынын, көбіне олардың төлқұжатын жұмыс беруші алып алатынын» айтады.
- Бұның бәрі - сыбайлас жемқорлықтан туған әрекет. Жұмысшылардың құжатын заңсыз алғандарға қарсы үкімет қылмыстық іс қозғауы тиіс қой. Адамды саудалап, оны тегін еңбекке мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ, - дейді Саша Симич.
Қаңтардың 23-і күні серб шенеуніктері Чачак қаласындағы тіркелмеген рекрутинг (шетелге мигрант апаратын фирма – ред.) фирмасының қожайыны, 59 жастағы Душан Кукичті тұтқындады. Ол «Сочиге аттанған серб мигранттарының тағдырына жауапты» деп танылды.
Серб Республикасы
Серб РеспубликасыБосния мен Герцеговина құрамындағы екіге бөлініп жатқан (картада қызылмен белгіленген) әкімшілік құрылым. 1995 жылғы Дейтон келісімі бойынша, Босния мен Герцеговина құрамындағы Серб Республикасы - бөлек билік жүйесі бар аймақ. Босния мен Герцеговинаның өзге аймақтары ұсақ кантондарға бөлінген. Бұл әкімшілік құрылымдардың заңдары мен үкіметтері бар.