Accessibility links

Құнсызданған рубль әжуаға азық болды


Аю болып киініп алған коммунистік партия жақтастары үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен акцияда. Мәскеу, 22 желтоқсан 2014 жыл.
Аю болып киініп алған коммунистік партия жақтастары үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен акцияда. Мәскеу, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Рубль бағамының қарқынды құлдырауына наразы ресейліктер өздері білетін әдіске сүйеніп, оны әжуалауға көшті. Тығырықтан шығар жол іздеп жанталасқан рубль туралы әзілдер күннен күнге көбейіп барады.

Рубльден порнографиялық белгі тауып, шу көтерген кез естеріңізде ме? Рубльдің қазіргі жағдайымен салыстырғанда оның бәрі ойын болып көрінеді. Соңғы бір айда Ресей рубль бағамы долларға шаққанда 80-ге дейін құлдырап, мұнай бағасының арзандауы мен Батыс санкциясына төтеп бере алмай қалды.

Кенеттен құнсызданған рубль соңғы күндері аздап тұрақтанды, бірақ ресейліктер өздерінің мықты қарулары – кекесін мен мысқылға көшіп, ұлттық валюталарын интернет бетінде кекеп жатыр.

***

Кремльдің насихатшысы Дмитрий Кисилев жаңалық оқып отыр: «Доллардың бағамы ауытқуын қояр емес. Бұның бәрі менің бұрыннан айтып келе жатқан пікірімді растайды: доллар – әлемдегі ең сенімсіз валюта».

***

«Елдің бәрі ақшаны рубльмен сақтау керек дейді. Мен де солай істедім. Ақшамды рубль үйіндісінің арасына тығып тастадым. Енді оны біреу іздейді деп қорықпаймын»

***

«100 рубльмен қайда барып көңіл көтерсем болады?

1973 жылға барыңыз».

***

«Өткенге оралу мүмкін болса, нені айырбастар едіңіз?

Рубльді».

***

«Ресейдің Орталық банкі жүзіп бара жатқан рубль бағамынан батып бара жатқан рубльге қарай қозғалғандарын мәлімдеді».

***

«Доллар мен рубльдің арасында қандай байланыс бар?

Шамамен бір доллар».

***

«Ұлы: Әке, дүкенге барайын деп едім – 5 рубль керек еді.

«Әкесі: 10 рубль ме? 25 рубльге не сатып алмақсың?»

​«Ресейдің Орталық банкі азаматтарды сабыр сақтауға шақырды. Олардың айтуынша еуро мен доллардың 99 рубльден ары қымбаттауға мүмкіндігі жетпейді, өйткені валюта бағамын белгілейтін сан екі таңбадан аспайды!»

***

«Ресейлік банктер «Қырым біздікі!» деген жазуға орын табу үшін 12 таңбалы валюта белгісіне тапсырыс берді».

***

«Рубль құлаған жоқ. Ол тынығып алу үшін төмен түсті».

***

«Жоқ, біз жоғары кетіп барамыз!»

***

«Кешіріңіз, бұл баға ма, әлде сіздің телефон нөміріңіз бе?»

***

«Рубль «Енді ешқашан уайымдамаймын» деп аталатын маңызды психологиялық кезеңнен өтті».

***

«Дума Аполлонның әуретін 100 рубльдік купюрадан алып тастауды талап еткенде рубль құнсыздана бастады. Бұндай әрекетке барып, құдайларды қорламауымыз керек еді».

***

«Не деген семіз едің!»

***

«Екі рубль бұрын шай демдеген едім, әлі жып-жылы екен».

***

«Қаңтардың 1-інен бастап Ресейден ақшаны тек рубльмен және тек эшелонға тиеп әкету мүмкін болмақ».

***

«Ресей үкіметі жыл соңына дейін рубльді тұрақтандырамыз деп уәде етті. Мүмкін болса, екі мәрте».

***

«Иә, рубль құлдырап барады. Бірақ украин гривенімен салыстырғанда абыроймен құлап келеді».

Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG