Ресей 2014 жылы Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиадаға дайындалып жатыр. Ал суретші Василий Слонов осы дайындық пен жарнама науқанын әжуалаған сатиралық суреттер көрмесін ұйымдастырды. Ол суреттерде Ресейдегі қуғын-сүргін мен спорт көріністері қатар бейнеленген. Пермь қаласында өткен «Ақ түндер» атты мәдени фестивалге қойылған бұл көрмеге биліктің назары бірден түсті – фестиваль жабылды, шара өткен жер - Пермьдегі қазіргі заман өнері музейінің кураторы жұмыстан шығарылды. Жұмыстан босатудың себебі ретінде Слоновтың Сочи олимпиадасы символикасын дұрыс пайдаланбауы аталды.