Джинайд Нигериядан Тәжікстанға аттанғанда Орталық Азияда футболшы ретінде карьера жасаймын деп ойлаған. Бірақ жас жігіттің қиялы орындалмады. Жүздеген доллар шығын қылып, Джинайд ақырында Душанбеде жұмыссыз, ақшасыз қалып қойды.
- Қазір ештеңе өндіре алмай құр босқа соттасып жатырмын. Қарным аш, визамның уақыты өтіп кетті. Істейтін дым жоқ, - дейді ол.
Джинаид - үш жыл бұрын футбол клубына қосылып, бақуатты тұрмыс ету үшін Тәжікстанға барған он нигериялық жігіттің біреуі.
Кейбіреулері тәжік командаларында ойнаған. Бірақ олар «үмітіміз ақталмады» деп шағымданады.
ФУТБОЛ МЕН УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ УӘДЕ
Олар «өздерін алдап, жалған уәдемен осында қызықтырып әкелген» деп санайтын Душанбеде тұратын ауғанстандық азаматты сотқа берді.
Ортада делдалдық еткен Хамидулла Абдулманнон спортшыларды «футбол ойнайсыңдар» деп және басқа да нигериялық жігіттерді «тәжік университетіне оқуға түсірем» деп алдағаны үшін айыпталады.
Джинаидтың сөзінше, Тәжікстанға Нигериядан онымен тағы үш футболшы бірге келген.
- Абдулманнон Нигериядағы бапкеріме: «Тәжікстанда жақсы ойыншылар іздеп жатқан футбол командасы бар» деді. Сосын бапкер бізге хабарласып: «Тәжікстанға бару жайында ұсыныс түсті» деді. Біз бапкерге ақша төледік. Мен өзім 700 доллар төледім, - дейді ол.
Бірақ Джинаидтің айтуынша, Тәжікстанда Абдулманнон оны университеттегі «оқу ақысы» деп 1500 доллар тағы да ақша төлеуге көндірген. «Бұл ақшаны төлемесең, елден шығарып жібереді» деген.
- Мен ата-анама хабарласып, жағдай өзгерді. Бізді мұнда футболист ретінде емес студент ретінде шақырыпты. Біз оны білмеппіз. Бізге оқу ақысын төлеңдер деп жатыр дедік. Ата-анам Хамидуллаға 1500 доллар ақша салды, - дейді ол.
«ЗАРАВШОН» МЕН «ХОСИЛОТ»
Джинаидтың сөзінше, Абдулманнон Тәжікстанның солтүстігіндегі Пенджикент ауданының «Заравшон» клубына Нигериядан 4 футболшы алып келген. Ай сайын жалақы төлейтін, баспана беретін және тағы басқа жеңілдіктер жасалатын 4 айлық келісім-шарт ұсынылған. Клубта 5 ай жалақы алмай футбол ойнаған спортшылар соңында Тәжікстан футбол федерациясына шағымданған.
- Федерация клуб президентінің атына хат жазды. Клуб жалақы төленеді деп уәде етті. Бірақ, тиесілі 3200 доллардың орнына ай сайын бар жоғы 300 доллардан ғана төледі, - дейді ол.
Тәжікстан футбол федерациясының басшысы Нурали Хоркашев федерацияға нигериялық футболшылардан былтыр арыз түскенін растады. Ол «Заравшон» Пенджикент клубына шетелдік ойыншыларға қарыз боп қалған жалақыны төлеуге нұсқау бергенін айтады. Оның сөзінше, клуб жалақыны төлеген.
«Заравшонның» бас бапкері Джамшид Бахроновтың айтуынша, нигериялықтарға жалақы толығымен төленіп, тамақ та, баспана да берілген.
- Клуб өкілі олардың жалақысын төлеген соң, нигериялықтар біздің клубқа «бұдан кейін шағым-арыз жоқ» деп қол қойған, - дейді ол.
Денис Тахбоктың басында да дәл осындай жағдай туған. Ол Душанбеге 2012 жылдың наурыз айында бес футболшымен бірге келген. Тахбок Ауғанстанмен шектесетін Фархор ауданының «Хосилот» футбол клубында 8 ай жалақысыз ойнаған. Ол қазір Тәжікстанда ата-анасының қаржылай көмек көрсетуінің арқасында ғана күнелтіп жүр. Бірақ федерацияға арызданған соң барып, Тахбок Абдулманнон қол қойған орысша келісім-шартта оқу ақысы ғана көрсетілгенін, бірақ жалақы туралы келісім болмағанын білген.
Тәжікстанның футбол сарапшысы елде футболшылардың айлап жалақы алмауы қалыпты жағдай дейді.
«МЕНІ АЛДАҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ»
Абдулманнанды өткен айда тұтқындаған. Бірақ маусымның 19-ы күні ішкі істер министрі Душанбедегі Ауғанстан елшісі «ол елден қашып кетпейді» деп кепілдік берген соң оны босатқан.
Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің студенті болып жүрген Абдулманнан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.
- Мен Нигерияда Кализ деген кісіні білем. Ол менің ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым еді. Мен Кализдің үйіне барғанда сол нигериялық жігіттермен танысқам. Олар бәрі Нигериядан, мен мүлде басқа елденмін. Олардың мені алдағысы келеді. Себебі визаларының уақыты өтіп кеткен. Енді олар егер біреуді айыптап, арыз берсе, жәбір көріп жатқан адам ретінде Тәжік үкіметі олардың визаларын созатынын біліп отыр, - дейді ол.
Ал әзірше «футболшы боламыз» деп келген Тахбок пен Джинайдтың болашағы Душанбеде белгісіз жағдайда қалып тұр. Ата-аналарының төзімі де, ақшалары да таусылып барады.
- Ата-анамыз әбден шаршады. Олардан қайта-қайта ақша сұрап жатырмыз. Олар әлі де үміт артып отыр. Әбден зардап шекті, - дейді спортшылар.
Фахриддин Холбеков пен Антуан Блуаның материалын аударған – Сағынай Кәрім.