Бұдан бұрын «әркелкілік – еліміздің артықшылығы» деген пікір айтылып келген. Алайда Тәжікстан үкіметі біркелкілікті қолдайтын сыңайлы.
КЕЗЕК ИМАМДАРҒА ЖЕТТІ
Соңғы жылдары ел басшылығы мұғалімдер мен оқушылардың, студенттер мен қажылыққа баратын адамдардың киім үлгілерін енгізген еді.
Осы аптада Тәжікстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комитеті имамдардың арнайы киім үлгілері бекітілгенін хабарлады.
Комитет төрағасы Абдурахим Холиқов қаңтардың 14-і күні Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында «Жаңа униформалар әзірленіп жатыр, таяу арада барлық имамдар бірдей киінетін болады» деген.
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ
Имамдардың арнайы киімі сұр жейде мен шалбар, тақия және дәстүрлі оюлар салынған көк шапан болады.
Киім үлгісін жергілікті дизайнер Мукаррама Каюмова әзірлеп, мемлекеттік дін істері комитеті мен елдің ең жоғары діни мекемесі – улема кеңесі мақұлдаған.
Тілшілермен сұхбатында улема кеңесі басшысы Саидмукаррам Абдулқодирзода имамдардың киімдері «ұлттық нақышта» тігілгенін айтты.
Ол «Киімдердің дизайнында ұлттық элементтер бар, оның түсі де, стилі де әдемі. Діни қызметкерлердің киім үлгісін кеңес мүшелері және басқа адамдар қолдап, мақтады» деген.
Дін істері комитеті «киімдердің бағасы қанша болатыны әлі анық емес» дейді. Бірақ комитет тек киім бағасының 30 пайызын төлейтінін айтады, ал қалғанын улема кеңесі мен имамдардың өздері төлеуі керек.
ШАПАНМЕН БІРГЕ БЕКІТІЛГЕН АЙЛЫҚ
Имамдардың әрқайсысына өз өлшемдерін «Саиджон» тігін фабрикасына жіберу жөнінде тапсырма берілген.
Тапсырыспен тігілген алғашқы киімдер елдегі 426 имамға ақпан айнынан бастап таратылады. Ақыр соңында 4 мың мешіттің имамдары түгел бірдей киінетін болады.
Тәжік ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, имамдарды бірдей киіндіру туралы бастама 2013 жылы президент Эмомали Рахмон мен 200 имамның кездесуі кезінде көтерілген. Сол жолы барлық діни қызметкерлер кездесуге бірдей киініп барған еді.
Енді Тәжікстан мешіт имамдарына бюджеттен жалақы төлей бастайды. Лауазымына байланысты ол жалақылар 170 пен 315 АҚШ доллары аралығында болмақ. Енді имамдар жаңа шапанмен қоса жалақыларын да ала бастайды.
Улема кеңесінің басшысы Абдулқодирзоданың айтуынша, «имамдарға жалақы төлеу туралы ұсынысты имамдардың өздері айтқан».
Тәжікстанда мешіттер мемлекеттік мекеме қатарына кірмейді, дегенмен барлық діни мекемелерді мемлекет бақылап, жұмысын реттеп отырады.
БІР САНТИМЕТР САҚАЛ
2011 жылы билік қажылыққа баратын Тәжікстан азаматтарына мемлекеттік рәміздер салынған арнайы көк шапан киюді міндеттеген.
Бұған қоса, Тәжікстан совет заманындағыдай барлық оқушыларға арнайы форма үлгісін бекітті. Алайда Душанбенің мұғалімдерге униформа кигізу жоспары жүзеге аспай қалды, бұл ұсынысқа мұғалімдер де, бұқара да қарсы болды.
Оның орнына Тәжікстан білім министрлігі мұғалімдерге сақал қою үлгісін бекітті. Жас ер мұғалімдерге сақал қоюға тыйым салынды. Ал 50-ден асқан ер мұғалімдердің ұзындығы бір сантиметрден аспайтын сақал қоюға қақысы бар екені бекітілді.
Министрліктің талаптары бойынша әйел мұғалімдер мектепке орамал тағып не хиджап киіп келе алмайды. Тәжікстанда барлық мемлекеттік мекемелерде хиджапқа тыйым салынған.
(Фарангис Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)