Accessibility links

Сынға іліккен Ердоған жұмысшы табына сүйенеді


Режеп Тайып Ердоған сайлау науқаны кезінде қолдаушыларымен кездесіп тұр. 10 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Режеп Тайып Ердоған сайлау науқаны кезінде қолдаушыларымен кездесіп тұр. 10 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жақында ғана үкіметке қарсы шерулер өткен Стамбулдағы жұмысшылар мекендейтін ауданның тумасы Режеп Тайып Ердоғанды жергілікті халық қолдайды.

Таксим алаңындағы шулы шеруден екі шақырым жердегі Касымпаша ауданының тұрғындары – асықпай шай ішіп, доминоға ұқсас «жүз бір» ойынын ойнап отырған ер адамдар шеруге қарамастан ешқандай өзгеріс болмағанын айтады.

ЕРДОҒАН КІМГЕ ҮМІТ АРТАДЫ?

Режеп Тайып Ердоған Стамбулдың жұмысшы табы тұратын осы ауданында туып-өсті. Жергілікті тұрғындар ол билікте болған соңғы он жылда тұрмыстары жақсарғанын айтады.

Мұндай аудандардағы қоғамдық пікір дін, әскери-теңіз дәстүрі, жергілікті футбол командасы арқылы қалыптасады. Олар Ердоған келесі сайлауда жеңуге тырысады деп сенеді. Ал Ердоған «өзі мен партиясына қарсы шығып, мүддесін таптаған» топтан қорғайды деп осы адамдарға үміт артады.

– Осының бәрі оны (Ердоғанды) өркөкірек етіп жіберген. Наразылық акциясы келесі сайлауда жалғасын таба ма, жоқ па – білмеймін. Сайлаушылардың ішінде
Режеп Тайып Ердоған әуежайда қолдаушыларымен амандасып тұр. Стамбул, 7 маусым 2013 жыл.
Режеп Тайып Ердоған әуежайда қолдаушыларымен амандасып тұр. Стамбул, 7 маусым 2013 жыл.
оны қолдайтын күшті топ бар екеніне көзім жетеді. Әділет және даму партиясы үшін дауыс бермейтін 50 пайызды есепке алсақ, пікір екіге жарылады, – дейді Стамбулда шығатын Hurriyet Daily News басылымының редакторы Барчын Йынанч.

Шеруге шығушылардың басым бөлігінің «мемлекет ісіне ислам діні араласып кетті» деген пікірі Касымпашада әрқилы қабылданды. Ердоғанды қолдаушылардың өзі премьердің саяси дағдарыс кезіндегі әрекетін сынайды. «Жүз бір» ойнаушы Било (фамилиясын айтпады) «Ердоған Түркияның зайырлы қоғамына тез өзгеріс енгізді» дейді.

– Дін туралы сөз қозғасақ, біздің мұсылман екеніміз рас. Бірақ әркімнің өз пікірі болуға тиіс, – дейді ол.

Тағы бір ныспысын атағысы келмеген азамат, 26 жастағы Бадам Ердоғанды жан-тәнімен қолдайтынын айта келе:

– Бірақ үкімет «жас буынға» түсіністікпен қарау жолында дұрыс жұмыс істеуге тиіс, – деді.

Режеп Тайып Ердоған әуежайда күтіп тұрған қолдаушылары. Стамбул, 7 маусым 2013 жыл.
Режеп Тайып Ердоған әуежайда күтіп тұрған қолдаушылары. Стамбул, 7 маусым 2013 жыл.
«ПРЕМЬЕРДІҢ ҚОЛЫ БОС ЕМЕС»

Көршілес аудандағы балалар футбол ойнап, ересектер саябақ орындығына жайғасқан шағын алаңдағы жұртта Ердоғанды жақтау мен оның шерушілерге берген жауабына таңдану қатар байқалады.

Таксим алаңына жиналғандардың ішінде «террорлық элементтер» болғанын ескерткен 60 жастағы сылақшы Ибрагим Бодур вице-премьер Бүлент Арынчтың осы аптаның басында айтқан пікірін қайталады. Бірақ Бодурдың сөзінде Ердоғанды сынау да бар.

– Біреуді бұзақы деп атағанды қолдамаймын. Ол дұрыс емес, – дейді Бодур.

Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Африкаға төрт күндік сапарға шығар алдында шеруге қатысушыларды «қарақшылар мен қаңғыбастар» деп атап, Түркия
Қала тұрғыны Ремзи Кибар. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
Қала тұрғыны Ремзи Кибар. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
президенті Абдулла Гүл мен вице-премьері Арынчтың ымыраласу саясатына қарсы үлгі көрсетті.

Бес баланың анасы Ремзи Кибар Ердоғанның осы сөзін қолдап, наразыларға кінә тағады.

– Олардың терезені сындырып, вандализммен айналысқанына ашулымын. Егер әлдене айтқылары келсе, сабырлы түрде келіп айтсын, – дейді Кибар.

Шеру жалпы бейбіт түрде өткенімен, кейбір кеңселердің терезелері сынды. Таксим алаңындағы аумақ үкіметке қарсы түрлі жазуларға толы. Белсенділер Ердоғанның өтініштерін қабылдамағанына ренішті екенін еске салғанда:

– Премьер-министрдің қолы бос емес, ол іссапарда жүр. Орынбасары әлдеқашан кешірім сұрады, – деп жауап берді 60 жастағы Кибар.

Түркия туралы не білесіз?

Түркия туралы не білесіз?

Тесті бастайық


Азаттық тілшісі Гленн Кейтстің мақаласын ағылшыншадан аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG