Батыстағы әйгілі деген ақпарат көздерінде жарық көрген екі мақала Түркияны екі қырынан сипаттайды.
МАЗАСЫЗ АЙМАҚТАҒЫ ДАМУ
«Соңғы 10 жылдың ішінде Түркия зор табысқа жетті, ел экономикасы жылдам өсіп, әлеуметтік теңсіздік азайды, инновация жолға қойылды» деп жазады АҚШ-тың Колумбия университетінің профессоры, ғаламдық даму мәселелері жөніндегі маман Джефри Сакс Project Syndicate сараптау жобасында жарық көрген мақаласында.
Түркияның батысында – еуроаймақтағы экономикалық дағдарыстың кіндігі саналатын Кипр мен Грекия, түстігінде – отқа оранған Сирия, шығысында – Иран мен Ирак, солтүстік-шығысында Армения мен Грузия жатыр. Азаматтық соғыстан зәрезап болған 400 мыңға жуық босқын қазірдің өзінде Түркия жеріне өтіп кеткен. Сарапшының айтуынша, осындай мазасыз елдердің дәл ортасында болғанына қарамастан, Түркияның экономикасы қарыштап дамып барады.
ТУРИЗМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сакстың пайымдауынша, 2002 жылдан бері ел экономикасы жыл сайын 5 пайызға өсіп отырған. Төңірегі отқа оранып жатқанда Түркияда бейбіт заман орнаған. 2000-2001 жылдардағы дағдарысты бастан өткерген түрік банктері соңғы экономикалық дүрбелеңде көп зардап шеге қойған жоқ. Қазіргі үкімет үш сайлауда қатарынан айқын басымдықпен жеңіске жетіп отырды.
Сарапшының айтуынша, көршілері сияқты табиғат ресурстарына бай болмаса да, Түркия өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласын жоғары деңгейге көтере білу арқылы туризмді мықтап дамытып, саяхатшылар үшін ең тартымды елдердің біріне айналды. Соның арқасында 2012 жылдың өзінде елге 36 миллион турист келген.
Сараптама авторының жазуынша, елдің инфрақұрылымы шетелдіктерді сүйсіндіретіндей жоғары деңгейде. Заманауи инжиниринг үлгілерінің көбі ел ішінде жасалған. Түркияның құрылыс компаниялары Таяу Шығыс пен Африка елдерін жайлап алған. Мұнда білім сапасы да жоғары деңгейде. Анкара Африка мен Азия елдерінен студенттер мың-мыңдап келетін қалаға айналған. Елдегі университеттер авиациялық электроника, ақпараттық технология сияқты салаларда маман даярлауға ден қойып жатыр.
Автор Түркиядағы қоқысты қайта өңдеу технологиясына ерекше мән берген. Ғалымның айтуынша, мұндағы қоқыс технологиясы қазір әлемнің назарын аударып отыр. Мұнда қоқыс қайта өңделетін және органикалық қоқыс болып екіге жіктеледі. Органикалық қоқыс тыңайтқышқа және метанға айналдырылады да, одан электр энергиясы өндіріледі.
Ғаламдық экспорт ауқаттылар тұратын Батыстан қашып, Азия мен Африкаға қарай ойысып жатқан тұста өнеркәсібі мен құрылысы инновацияға негізделген Түркия таптырмас нарыққа айналып отыр. Сарапшының айтуынша, Түркия бұл мүмкіндікті қалт жіберген жоқ және бұл үдеріс жалғаса бермек.
ЖЕТІСТІКТІҢ СЫРЫ - ТАНДЕМ
Америкалық сарапшының айтуынша, Түркияның мұндай жетістіктерге жетуінің себебі премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министрдің орынбасары Әли Бабажан бастаған қаржыгерлер тобының экономикалық саясатында жатыр.
Банк секторындағы дүрбелеңнің соңын ала, алмағайып заманда билікке келген Ердоған-Бабажан тандемі банк саласын қайта құру, бюджеттік бақылауды күшейту, инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау және технология салаларына инвестиция салу стратегиясын таңдады.
Сакс Анкараның дипломатиялық қабілетін де айтады. Қайшылыққа толы әлемде Түркия салмақты саяси ұстанымды таңдай алды. Анкара көршілеріне мүмкіндігінше ашық есік саясатын ұстанып, теңгермелі дипломатияға сүйенді. Алайда ішкі теңгеріммен қоса нарықты «жаулау», серіктестерін геосаяси тұрғыдан бөлшектеуден қорғау саясатын да ұмытқан жоқ.
Сарапшы Түркияның жетістіктерін жоғары бағалай келе келеңсіз жайттарға да тоқталған. «Еуроаймақтағы экономикалық дағдарыс, Сирия, Ирак, Иран, әлемдегі мұнай бағасының өзгеруі – барлығы Анкарадағы тұрақсыздыққа түрткі болуы мүмкін. Жаңа қаржылық дағдарыс капитал ағымына тосқауыл қоюы ықтимал» деп жазады Сакс.
Оның үстіне әсіресе әйелдер арасында білім сапасын көтеру қажеттігі туындап отыр. Үкімет білім саласындағы мәселелердің бар екенін мойындап, мектептерге реформа жасайтынын, онда ақпараттық технологияларды енгізетінін мәлімдеді.
Автордың айтуынша, Түркияның жетістігі – тек үкіметтің сауатты экономикалық саясатының ғана емес, Осман заманынан келе жатқан тарихи алғышарттардың да арқасы. «Сонда да Түркиядан көп нәрсені үйренуге болады» дейді америкалық сарапшы.
«МЫСҚАЛДАП ЕНІП ЖАТҚАН ИСЛАМИЗМ»
Ал Ұлыбританияда шығатын The Times басылымында жарық көрген комментарий авторының ойынша, Түркия біртіндеп діни мемлекетке айналып барады. Оған дәлел – жақында қабылданған алкоголь өнімдерінің жарнамасына тыйым салу туралы заң. «Туристер келетін аймақтарда шарап пен ликерді табуға болады. Бірақ түрік секуляризмінің жақтастары болашақта тәртіп бұдан да қатаңдай түседі деп қобалжиды» дейді сарапшы.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанды зайырлы демократияның жақтасы етіп көрсететін артықшылықтарын тізбелей келе, бұл автор да оның экономикалық жетістікерін ерекше атайды. Сонымен қатар Ердоғанның Сириядағы көтерілісшілерге қару-жарақ пен азық-түлік жеткізуге кепілдік бола алатын маңызды рөлі де көрсетіледі.
Бірақ сарапшы "исламизмнің Еуразия кіндігіне дендеп еніп келе жатқаны айқын" дейді. Оның айтуынша, алкоголь жарнамасына тыйым салу Түркияның Еуропа Одағына (ЕО) жақындау саясатымен үйлеспейді, яғни Ердоған ЕО-дан алшақтау арқылы әккілік жасап отыр. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда бұл заң осының алдында қабылданған әйелдерге орамал тағуды міндеттейтін ережемен және либерал интеллигенция өкілдерін дінсіздігі үшін қудалау әрекеттерімен үндес келеді. Саяси тұрғыдан алып қарағанда, бұл Ердоғанның өз партиясындағы әсіре діншілдерді сабасына түсіру саясаты болуы мүмкін.
Алайда оның партия ішіндегі күш-беделін ескерер болсақ, мұндай шараның қажеттігі де жоқ. "Түркияның Батыстағы одақтастары үшін ең ауыры – ол өзі жақтайтындықтан, діни радикалдардың қолтығына су бүркіп отыруы ықтимал" деп жазады ұлыбританиялық басылымдағы мақала авторы.

2012 жылдың өзінде Түркияға 36 миллион турист келген.

Исламизмнің Еуразия кіндігіне дендеп еніп келе жатқаны айқын.