Түркиядағы билеуші "Әділет және даму партиясы" (AKP) қала басшылары мен жергілікті билік орындарына сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Түркия телеарнасының хабарлауынша, жалпы дауыстың 98 пайызы саналып біткен - "Әділет және даму" партиясы 45 пайыз, оппозициялық Республикалық халық партиясы (CHP) 28 пайыз дауыс алған.
CNN Turk телеарнасының мәліметінше, AKP Стамбулде басымдыққа ие болған, Анкарада да біраз жетістікке жеткен. Бірақ ондағы ақтық нәтиже әлі анық емес.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның AKP партиясы 2002 жылдан бері билікке ие. Бұл партияның жақтасы Салих Секердің Анкарадағы Reuters тілшісіне айтуынша, "ел Ердоғанды қолдайды". Сайлау демократиялы түрде айтқан тұрғынның сөзінше, бұл партияға сайлауға шақырған қарсыластарын жеңіп шыққан.
Былтыр желтоқсанда Ердоғанға қатысы бар делінген саясаткерлер жайлы жемқорлық шуы шыққаннан кейін елде саяси бәсекелестік үдеген еді.
Ердоған сайлаудан кейін өзін жемқорлыққа және мемлекеттік құпияны жариялауға қатысты айыптаған қарсыластарын "апанында қолға түсіретінін", олардың "жауап беретінін" айтты. Ол бұрынғы жақтасы, қазір АҚШ-та тұратын ислам дінбасы Фетхуллах Гүленді полициядағы жақтастарын пайдаланып, жемқорлыққа байланысты шу шығарды деп айыптайды.
Партиясының Анкарадағы бас кеңсесі балконында тұрып жақтастарына үндеу айтқан Ердоған қарсыластарын елді бөлмеуге шақырды.
"Бұл жаңа кезеңде Түркияға билік партиясы сияқты елді қамтитын жаңа оппозиция да керек. Түркияға кемсітетін, араздастыратын оппозиция емес, 77 миллионның тілінде сөйлейтін оппозиция керек" деді ол.
Бұл сайлау қорытындысы Ердоғанның тамызда президент сайлауына түсуіне не келер жылы төртінші мәрте премьер-министр болуға ұмтылуына септеспек.
Түркияда сайлау өткен жексенбі күні аяқталған. Ел азаматтары алдағы бес жылда аймақ губернаторлары, қала мэрлері, аймақ парламенті мен қалалық кеңес мүшелері, муниципалитет жетекшілері, ауыл және аудан басшылары, ауылдық кеңес мүшелері болатын адамдарды сайлады.