Гурбангулы Бердімұхамедов кезінде өзі қайта ашқан цирктің директорына 50 мың АҚШ долларына тең чек ұстатып, "шексіз бақыт дәуірінің балалары жасасын!" деді.
Халықаралық құқық қорғаушылардың сипаттауына сәйкес "халқы ерік-жігерін ашық білдіру үшін бас қоса алмайтын, саяси бостандық пен азаматтық еркіндіктен айырылған, сыртқы әлеммен байланысы жоқ" Түркіменстан сияқты елде циркке көп мән беретін болып шықты.
Өткен сенбі күні түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов күтпеген жерден жергілікті мемлекеттік циркке жетіп келді. Қасына ерткен кішкентай баланы мемлекеттік телеарна "немересі" деп таныстырды. Бердімұхаммедовтың жеке бас өмірі туралы мәлімет өте аз.
Мемлекеттік телеарна көрсеткен сюжетте 55 жасар "Арқадағ" (түркімен президентінің құрметті атауы, "қорғаушы" деген мағынаға ие) ақшыл джинсы шалбар, жеңіл жейде киіп, совет дәуірін еске түсіретін Ашғабаттың мемлекеттік циркіне келеді. Ғимаратты қоршап, түркіменнің ұлттық киімін киіп тұрған жастар патриоттық әндер шырқап жатады.
Түркіменстан президентінің "білдіртпей келуін" Азаттықтың Түркімен қызметіне сипаттап берген жергілікті орта мектеп мұғалімі оқушылардың бірнеше күн бұрын сұрыпталып алынып, репетиция жасағанын айтты.
Видеода Бердімұхамедов келіп түсіп жатқан кезде "Арқадағ жасасын!" деп шулаған балалардың дауысы естіледі. Сол сәтте Бердімұхаммедов өзі жариялаған "түркімен халқының шексіз бақыт дәуірін" еске алып, "Шексіз бақыт дәуірінде өмір сүріп жатқан балалар жасасын!" дейді. Балалар: "Жасасын! Жасасын! Жасасын!" деп ұрандайды.
Бердімұхаммедов бұдан соң билегендей қимыл көрсетіп цирк директорына кішкене ағаш қобдиша табыс етеді. Кейбір ақпарат көздері бойынша, оның ішінде циркті дамытуға арналған 50 мың АҚШ долларының чегі бар болып шыққан.
Бұл ақшаға цирк қызметкерлерінің қалай қуанғанын түркімен үкіметінің вебсайты былайша суреттейді:
"Жаңалықты естіген жұрт ду қол шапалақтады. Шабыттанған әртістер Түркіменстан президентіне мұндай мәрт сыйлығы үшін шынайы алғыс жаудырды. Олар отандық цирк мектебін ең жоғарғы деңгейге жеткізіп, әлемдегі даңқын асыру үшін аянып қалмайтындарын мәлімдеді.
Мемлекеттік цирк қызметкерлерінің өтініші бойынша Түркіменстан президенті атаулы оқиғаға орай олармен естелік суретке түсті. Цирк қызметкерлерінің ісіне тағы бір мәрте табыс тілеген күйі президент цирк ғимаратынан шығып кетті".
2001 жылы Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов "бөгде мәдениет" және "түркімен халқының менталитетіне жат" деген желеумен циркті жауып тастаған болатын.
Ниязов 2006 жылы қайтыс болды. Содан бері Бердімұхамедов Түркіменбашының басына табынуды азайтып, жабылып қалған цирк, 3-D кинотеатр, опера театрын ашып, тыйым салынған фонограммамен ән айтуға және алтын тіс салуға рұқсат етті.
2010 жылы Ашғабаттағы тозығы жеткен цирк ғимараты қайта жөнделіп, мәрмәрмен қапталған еді. Циркті қалпына келтіруге мемлекет 18 миллион АҚШ долларын жұмсаған.
Гурбангулы Бердімұхамедовтың арқасында клоундар да қызметіне қайтып оралған.