Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.
Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 28 наурыз - 3 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2 сәуір – Украинадағы соғыстың 38-күні. Негізгі оқиғалар:

  • Киев облысында Украина әскері Ресей армиясы тастап кеткен елді мекендерді бақылауына алып жатыр.
  • Жұма, 1 сәуірде Ресейдің Белгород қаласы маңындағы мұнай қоймасы атқылауға ұшырады. Ешкім зардап шекпеген. Ресей тарабының айтуынша, қойманы Ресей аумағына кірген украиналық екі тікұшақ атқылаған. Украина қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысы жоғын айтты.
  • Бішкекте милиция Ресей басқыншылығын айыптаған наразыларды ұстады.
  • Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы бері елде 158 бала қаза болғанын, 254 бала жаралғанын айтты.
  • АҚШ әкімшілігі НАТО бойынша одақтастарымен Украинаға совет танкілерін жіберу мәселесін талқылап жатыр.
  • Ресей әскері Чернобыль АЭС аумағынан шығып, Ресейдің Белгород облысына жол тартты. Украина күштері орыс әскері қайта шабуылға дайындалу үшін топтасып жатыр деп санайды.
  • Запорожье облысында тараптар тұтқындармен алмасты.
  • Украина Жоғарғы радасы басқыншылықты қолдаған ресейліктердің мүлкін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң қабылдады.
  • АҚШ сауда министрлігі Ресей басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады.
  • ЮНЕСКО Украинадағы соғыста әлем мәдениеті үшін маңызды кемінде 53 мәдени нысан бүлінді не қирады деп мәлімдеді.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі: "Вагнер тобы" Донбаста соғысып жүр

Ресейлік "Вагнер тобы" жеке меншік әскери компаниясының жалдамалы жауынгерлері Украинаның шығысында соғысып жүр деп жазды британ қорғаныс министрлігі Twitter-парақшасына.

Британдық МИ-6 барлау қызметінің дерегінше, Ресей армиясы едәуір күшінен айрылып, зор шығынға ұшыраған соң, Кремль "Вагнер тобының" мыңдаған жалдамалы жауынгерін Украинаға апарған, олардың арасында Сирия мен Африка елдерінен жеткізілгендер де бар.

Франция қарулы күштер министрлігі Украинада 28 наурызда болған соғыс іс-қимылдары жайлы twitter-парақшасында мынадай мәліметтер жазды:

  • Ресей армиясы Мариуполь қаласы мен Донбаста күшін еселеп жатыр;
  • Украина қарулы күштері қарсы шабуылды үдеткенімен, тактикалық ахуал айтарлықтай өзгерген жоқ;
  • Украина әскері Киевтің батысы мен шығысында қарсы шабуылдар ұйымдастырды;
  • Харьковты қоршау операциясы аяқталды, қазір шеткері аймағында шайқас жүріп жатыр;
  • Украина күштері Днепр өзенінің батыс жағалауында қарсылық көрсетіп жатыр, осы бағытта Ресей әскерінің алға жылжуы саябырлап қалды;
  • Мариупольде шайқас жалғасып жатыр, бірақ ондағы украин әскері қоршауда қалған;
  • Николаев қаласының маңында ұрыс жүріп жатыр; Украина күштерінің қарсы шабуылы нәтижесінде Ресей әскері солтүстікке ығысуға мәжбүр болған.

Зеленский: Ресеймен келіссөзде Украина жерінің тұтастығын сақтап қалуға ерекше көңіл бөледі

Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Түркияның Стамбул қаласында өтетін Ресей-Украина келіссөзінде Киев Украина жерінің тұтастығын сақтап қалу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. 28 наурызда жасаған мәлімдемесінде Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.

27 наурызда Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді Стамбулда өткізуге келісіп, екі тарапты атысты тоқтатуға шақырған.

Ұлыбритания әскери барлау қызметінің 28 наурыздағы мәліметі бойынша, кейінгі 24 сағат ішінде Ресей әскерінің Украинадағы позициясында бәлендей ірі өзгеріс болмаған. Бірақ Ресей елдің оңтүстігіндегі Мариуполь маңындағы тағы біраз жерді бақылауына алған.

Украина әскери барлау қызметінің жетекшісі Кирилл Буданов Ресейді Украинаны екіге бөлуге тырысып жатыр деп айыптады. Луганск аймағындағы ресейшіл сепаратистер басшысы 27 наурызда өңірде Ресейге қосылу жайлы референдум өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Зеленскийдің айтуынша, Киев Украинаның бейтараптығын жариялап, Ресейге қауіпсіздік бойынша кепілдік беру мәселесін қарастырып жатыр.

Мариуполь билігі: Қалада бес мыңдай адам қаза болды

1 наурыздан бері Ресей әскерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласында шамамен 5 мыңдай адам қаза тапқан, опат болғандардың арасында 210 бала бар. Бұл туралы Мариуполь билігіне сілтеме жасап "Украинская правда" басылымы хабарлады.

"Блокадаға дейін 140 мың, блокада кезінде 150 мың адам қаладан шығарылды. Қазір Мариупольде әлі 170 мыңдай адам бар" деп жазылған қала билігінің мәліметінде.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG