Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.
Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 28 наурыз - 3 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2 сәуір – Украинадағы соғыстың 38-күні. Негізгі оқиғалар:

  • Киев облысында Украина әскері Ресей армиясы тастап кеткен елді мекендерді бақылауына алып жатыр.
  • Жұма, 1 сәуірде Ресейдің Белгород қаласы маңындағы мұнай қоймасы атқылауға ұшырады. Ешкім зардап шекпеген. Ресей тарабының айтуынша, қойманы Ресей аумағына кірген украиналық екі тікұшақ атқылаған. Украина қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысы жоғын айтты.
  • Бішкекте милиция Ресей басқыншылығын айыптаған наразыларды ұстады.
  • Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы бері елде 158 бала қаза болғанын, 254 бала жаралғанын айтты.
  • АҚШ әкімшілігі НАТО бойынша одақтастарымен Украинаға совет танкілерін жіберу мәселесін талқылап жатыр.
  • Ресей әскері Чернобыль АЭС аумағынан шығып, Ресейдің Белгород облысына жол тартты. Украина күштері орыс әскері қайта шабуылға дайындалу үшін топтасып жатыр деп санайды.
  • Запорожье облысында тараптар тұтқындармен алмасты.
  • Украина Жоғарғы радасы басқыншылықты қолдаған ресейліктердің мүлкін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң қабылдады.
  • АҚШ сауда министрлігі Ресей басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады.
  • ЮНЕСКО Украинадағы соғыста әлем мәдениеті үшін маңызды кемінде 53 мәдени нысан бүлінді не қирады деп мәлімдеді.

Зеленскийдің ресейлік журналистерге айтқаны: қысқаша

Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік бір топ журналист: "Медуза" сайты мен "Дождь" телеарнасы бас редакторлары, "Новая газета" басылымының сұрақтарын жеткізген журналист Михаил Зыгарь мен "Коммерсантъ" басылымының арнаулы тілшісі Владимир Соловьевке онлайн режимде берген сұхбатында келесідей саяси мәлімдеме жасады:

  • Ресей әскері 24 ақпан таңертең шабуыл жасап кірген Украина аумағынан шығарылуы тиіс. "Компромисс сол, осының бәрі басталған жерге оралыңыздар, сонда біз Донбасс жайлы күрделі мәселені шеше аламыз".
  • Зеленский Украинаның бейтарап ел статусына келісуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ ел Конституциясына ондай түзету тек референдум қорытындысы бойынша ғана енгізіле алады.
  • Украина қауіпсіздігіне темірдей мықты кепілдік беру – ең маңызды мәселе. Киев кепіл берушілер қатарында Батыс елдері мен Украинаның көршілері, ең алдымен Ресей мен Польша болғанын қалайды.
  • Украина тұрақты түрде тұтқын алмасуға дайын, "бірақ бұл мәселе Ресей тарабын онша толғандырмайтынға ұқсайды".
  • "Мен бұл жерде ұзақ отырмаймын, менен кейін лайықты адам келеді. Мен бұл соғысты бітіргім келеді және жүздеген мың адам өлгенін қаламаймын.

Украина ЧАЭС қатерлі аймағына БҰҰ арнаулы миссиясын кіргізуді талап етеді

Чернобыль атом электр станциясы.
Чернобыль атом электр станциясы.

Украина үкіметі жетекшісінің орынбасары Ирина Верещук ресейлік әскерилер ақпанның аяғынан бері бақылауды ұстап отырған Чернобыль атом электр станциясының қатерлі аумағына оқ-дәрі жинақтап жатыр деп мәлімдеді. Егер жарылыс болса, ол ядролық апатқа ұласуы мүмкін деп ескертті ол жексенбі күні баспасөз мәслихатында.

Верещук БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін ЧАЭС аумағына жапсарлас территорияны қару-жарақтан тазартып, ол жерге халықаралық арнаулы комиссия енгізуге үндеді. "Ядролық қауіпсіздік контексінде ресейлік әскерилердің жауапсыз іс-әрекеті Украинаға ғана емес, жүздеген миллион еуропалыққа қатер төндіреді" деп мәлімдеді Верещук.

Ресей тарабы ЧАЭС ауданындағы ахуалға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Киевтегі қазіргі ахуал қандай?

"Настоящее время" телеарнасының Киевтегі тілшісі Роман Суханның хабарлауынша, Киевте құжат беру орталықтары, әлеуметтік мекемелер, дүкендер, базарлар, кафелер мен жанармай құю станциялары жұмыс істей бастаған. Күннің жылынуына байланысты жылу да өшірілмек.

"Бірнеше күннен бері атыс болған жоқ, ғимараттар да бүлінбеді. Қала сәл де болса қалыпты өмірге оралып қалды" дейді тілші.

Украина мен Ресей тарабы күнде соғыста не болып жатқаны жайлы есеп беріп келеді. Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің де өз бағалауы бар. 28 наурыз таңертең үш ел қандай мәлімет таратты? Шолып шығыңыз:

Украина қарулы күштері:

  • Харьков облысындағы Топольское, Каменка және Сухая Каменкада атыс жалғасып жатыр.
  • Украина күштері Запорожье облысы Гуляйполе және Запорожье бағытында Ресей әскерінің қозғалысына мүмкіндік бермей жатыр.
  • Ресей күштері Киевтің солтүстік-баты және шығыс жағынан өтіп, негізгі автожолдар мен елдімекендерге өтуге тырысқанымен, Украина күштері оларды өткізбей жатыр.
  • Украина әскері елдің оңтүстігінде Кривой Рог, Запорожье, Николаев қалаларын қорғауға күш салып жатыр.
  • Донецк және Луганск жақта бес шабуылдың беті қайтарылды. Қарсылас техникасынан айырылды, адам шығынына ұшырады.
  • Украина күштері ббір күнде Ресейдің төрт ұшағын, бір тікұшағын, екі әскери дронын, екі қанатты ракетасын жойды.

Ресей қорғаныс министрлігі:

  • Ресей әуе күштері бір күнде Украинаның 36 әскери объектісін қиратты. Херсон облысында Украинаның 19 дроны, бес «Смерч» ракетасы жойылды.
  • Ресей әскерилері Донецк облысындағы шабуылы ойдағыдай жүріп жатыр.
  • Бір күнде Украинаның бес әскери ұшағы қүлады.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі:

  • Бір күнде Ресей күштерінің позициясында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
  • Ресей әскері әлі логистикалық мәселені шеше алмай жатыр, сондықтан шабуыл темпі баяу жүріп жатыр.
  • Ресей әскері ішінде моральдық рух төмен, ал Украина әскері агрессиялық шабуылдар жасап жатыр.
  • Ресей әскері Мариупольде сәл де болса жетістікке жетті.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG