Украина қорғаныс министрлігі: Ресей бір күнде 300 әскериінен айырылды
Украина тарабы Ресей 21 наурызда 300 әскериінен айырылды және Ресейдің солдаттарының шығыны 15300 адамға жетті деп мәлімдеді. Осыған дейін украиналық басылымдар Ресейдің әскерилерінің шығынына қаза тапқандар мен жараланғандар да енеді деп жазған.
Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.
Қоршауда қалған Мариупольде қаза болғандарды көшеге жерлеп жатыр
Бірнеше аптадан бері Ресей қоршауында тұрған Мариупольде мыңдаған адам қаза болды. Жұрт марқұмдарды көшеге жерлеп жатыр. Ал үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе бас сауғалауға мәжбүр. Қоршаудағы қаланың қазіргі көрінісі.
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған ресейлік "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов Нобель медалін аукционға шығарып, түскен қаржыны украиналық босқындарға, соның ішінде соғыста жараланғандар мен науқас балаларға бермек.
"Новая газетамен" бірігіп, Нобель сыйлығының медалін украиналық босқындарға көмектесетін қорға бермекке шешім қабылдадым. Босқындар он миллионнан асып кетті. Әлемге танымал бұл медальды саудаға қоятын аукцион үйлер құлақ түрсе" деп жазды Муратов.
Мәскеудегі Пресненский соты 38 жастағы Сергей Клоковты "Ресей әскері жайлы жалған ақпарат таратты" деген айыппен екі айға қамауға алды. Агенттіктер Клоковтың Ресей ІІМ Мәскеудегі бөлімшесінің технигі болып жұмыс істейтінін жазып жатыр.
Ресей соғыс кезінде ресейлік әскерилер жайлы өзінің риторикасына сай келмейтін ақпараттарды "жалған" деп таниды және мұндай ақпарат таратқандарды қылмыстық жауапқа тартатын заң шығарды. Бұл заңға сай, соғыс сөзін қолданған кез келген адам жауапқа тартылуы мүмкін. Заңда ең ауыр жаза - 15 жыл түрмеге қамау.
ПІКІРЛЕР