Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

18:27 23.3.2022

Ресей әскерінің тығырыққа тірелгені жайлы жиі айтыла бастады

Германия канцлері Олаф Шольц Ресейдің Украинадағы басқыншылығы тығырыққа тап болды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін, 23 наурызда Бундестагтағы мәлімдемесінде айтты.

Шольц Ресей президенті Путин "шындықты мойындап, соғысты тоқтатып, қақтығысты бейбіт жолмен шешуі тиіс" деді. Германия канцлері соғыс Украинаны ғана емес Ресейдің "болашағын" да жояды деп мәлімдеді.

Ал АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Джон Кирби 22 наурыздағы брифингте "Украиналықтар өте мықты қорғанып жатыр. Орыстар алдарына қойған стратегиялық мақсаттарына жете алмады, жетсе де өте көп шығынға ұшырап, жетті" деді. Оның сөзінше, қазір Украина әскерилері шабуылға көшкен.

Украина әскери штабы кеше, 22 наурызда "Ресей әскерінің үш күнге жететін тамағы, қаруы, жанармайы қалды" деп мәлімдеген.

Ал Украина президенті Зеленский Украина әскері Ресей басқыншылығын бәсеңдетті дей келе "Ресейдің ешқандай ультиматумын қабылдамаймыз" деген еді.

Ресей президенті Путин осыған дейін Украинадағы "арнайы операцияда" алға қойған мақсат орындалып жатыр деп бірнеше рет айтқан. Кремль Украинадағы соғысты соғыс деп атаудан бас тартып, "арнайы операция" деп келеді. Елде "соғыс" сөзін айтқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

18:19 23.3.2022

Ресей Украинадағы "арнайы операцияға" қатысқандарды ардагер деп танитын заң қабылдады. Мәскеу Украинадағы басқыншылығын соғыс деп атамайды, бірақ "арнайы операцияға" қатысқандарға ардагер атағын бермек.

17:11 23.3.2022

Ресейдегі билік партиясы "Единая Россия" атынан сайланған мемлекеттік дума депутаттары фракция жетекшісі Владимир Васильевтің рұқсатынсыз Ресейден кете алмайды. Партия шешімі жайлы құжат "Холод" журналының тілшілерінің қолына түскен.

Егер "Единая Россия" атынан сайланған депутат шетелге шығамын десе Васильевтің атына өтініш жазып, сапарының себебі мен уақытын көрсетуі тиіс.

15:34 23.3.2022

Украина қарулы күштері мен Ресей қорғаныс министрлігінің 23 наурыз таңертеңгі хабарламалары:

Киевтің есебінше, Ресей әскерінің соғыс басталғалы шығыны:

  • 15000 аса әскери
  • 517 танк
  • 1578 бронетехника
  • 267 артиллерия жүйесі
  • 80 ракета тиеген машина
  • 47 ракетаға қарсы жүйе
  • 101 ұшақ
  • 124 тікұшақ
  • 1008 әскери машина
  • 4 кеме/катер
  • 70 жанармай цистернасы
  • 42 әскери дрон
  • 15 арнайы техника

Украина әскерилері елдің шығысы, оңтүстігі және солтүстік-шығысында қорғану операцияларын жалғастырып жатыр.

Елдің шығысында Украина әскері жау әскеріне Славянск және Запорожье қаласына қарай өтуге мүмкіндік бермей тұр. Бұған қоса, әскерилеріміз Мариупольде қорғанысты жалғастырып жатыр.

Солтүстік-шығыста Северский ауданында әскерилер Чернигов қорғанысын мығым ұстап, қарсылас әскерінің Киевке қарай жүруін шектеп тұр.

Оңтүстік-шығыста Қара теңіз жедел аймағындағы порттар мен базаларды; Николаев қаласын қорғау жалғасып жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасы:

  • Ресей әскерилері Украинаның солтүстігінде екі "Точка-У" ракета кешенін жойды.
  • Жедел-тактикалық және авиация бір күнде Украинаның 97 әскери инфраструктурасын қиратты. Бұған қоса, сегіз зенит ракеталық кешен, алты дана "БУК-М1", бір С-300 жойылды.
  • Изюм қаласында ресейлік ракетаға қарсы жүйе Украинаның Су-24 ұшағын, 16 әскери дронын (үшеуі "Байрактар" дроны) қағып түсірді.
  • Соғыс басталғалы Украина әскері 184 ұшағы мен тікұшағынан, 246 әскери дронынан, 1558 танкі мен бронетехникасынан, 156 ракета ататын көлігінен, 624 артиллерия мен минометынан айырылды;
  • Ресей әскерилері Донецк облысындағы Новомихайловка елдімекені үшін ұрыс жүргізіп жатыр.
  • Ресей билігі өзінің соғыста қанша әскериінен айырылғанын 2 наурыздан бері айтпай келеді. Наурыздың басында Кремль 498 әскериі қаза болғанын айтқан.
  • Соғыс уақытында екі тараптың да деректерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG