Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
15:51 19.3.2022

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин: АҚШ Ресейді GPS-тан ажырату жағын қарастырып жатыр. Бірақ алаңдауға негіз жоқ, бізде ГЛОНАСС бар емес пе.

14:08 19.3.2022

Украина бас прокуроры кеңсесінің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері елде 112 бала мерт болған, 140 бала жараланған. Ведомство өкілдері прокуратураның соғыс жүріп жатқан аумақтарды аралап, жағдайды саралап шығуға мүмкіндігі жоғын айтып, бұл алдын ала мәлімет екенін ескертті.

13:22 19.3.2022

Bloomberg: ЕО Ресей олигархтарының активтерін Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мәселесін талқылап жатыр

Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл жөнінде үш дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.

Басылымның жазуынша, бұл бастама жаңадан талқылана бастаған. Әзірге түпкілікті шешім қабылданбаған.

Дереккөздердің айтуынша, бұғатталған Ресей активтерін әскери репарация ретінде өндіріп алу мәселесі жоғарыда аталған идеяны жүзеге асырудың бір жолы ретінде ұсынылған.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі бері ЕО және өзге елдер Мәскеуге санкция салған.

Ресей әлемде санкция ең көп салынған мемлекет ретінде танылып отыр. Castellum.ai дерегінше, бұл тұрғыдан ол Иран мен Солтүстік Кореядан да "басып озған". 24 ақпаннан бері Мәскеуге салынған санкциялар саны Қырым аннексиясы, Солсберидегі улау және АҚШ-тағы сайлауға килігуге байланысты салынған санкцияларды қоса алғанда көрсеткіштен көп.

Шектеулер өзге шаралармен қатар ірі ресейлік кәсіпкерлердің шетелдегі активтерін бұғаттауды да көздейді. Санкцияға ілінгендер арасында "Северсталь" басшысы Алексей Мордашев, "Роснефть" жетекшісі Игорь Сечин, "USM Holding" Әлішер Османов және өзге де олигархтар бар.

Bloomberg'тің жазуынша, бір ғана Италия ресейлік кәсіпкерлердің құны шамамен 780 млн еуро (92 млрд рубль) болатын активін бұғаттаған.

АҚШ Батыс елдерінде Ресей элитасының активтерін іздеп, тұтқындайтын халықаралық топ құрды. Оған Австралия, Италия, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Германия, Франция, Еурокомиссия өкілдері кірген.

12:40 19.3.2022

Еуроодақ санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мәселесін талқылап жатыр. Бұл жөнінде үш дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG