Бір-екі сөйлеммен:
- Украина президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестовичтің сөзінше, Киев пен Мәскеу "бір-екі аптаның ішінде, ұзағанда мамырда келісімге келуі мүмкін".
- Киевте бірнеше көп қабатты үй ракета шабуылынан бүлінді.
- Қоршаудағы Мариуполь қаласында, жергілікті биліктің есебінше, 2357 адам қаза болды.
- АҚШ, Еуропа одағы, Жапония Ресейге санкцияны күшейтті. Ұлыбритания да жаңа санкциялар пакетін жарияламақ.
- Украина президенті Владимир Зеленский салық реформасын жариялады. Халық енді тапқан табысынан тек 2 пайыз ғана салық аударады, шағын бизнес салықты ерікті түрде төлейді.
- Бүгін Киевке Польша, Чехия және Словения премьер-министрлері келіп, президент Зеленскиймен кездеседі.
14 наурызда Киевтегі тоғыз қабатты тұрғын үйге шабуыл жасалып, үй отқа оранды. Украина төтенше жағдай комитеті, үйге шабуылдан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды. Киев үйді Ресей әскерилері атқылады дейді. Кремль Украинада тек әскери инфраструктураны жойып жатырмыз десе де, үш аптадан бері Украинада көптеген тұрғын үй қирады. Мына суреттерден Киевтегі тұрғын үйдін қалай қирағанын көруге болады.
Пентагон "Ресей күштері тығырыққа тірелді" дейді.
Пентагонның мәліметінше, 24 ақпаннан бері Ресей Украинада әртүрлі 900 ракета атқылаған. АҚШ кейінгі күндері Ресейдің ракета шабуылдары белгілі бір нысанаға емес, жөн-жосықсыз жасалып жатыр деп мәлімдеді.
АҚШ қорғаныс министрлігі кейінгі бірнеше күнде Ресей күштері айтарлықтай прогресске жете алмады, "тығырыққа тірелді" деп отыр. Пентагон Украина әскерилері Ресейдің бронетехникаларына, ұшақтарына, логистикасына "тиімді шабуыл жасай алды" дейді.
Украина президенті Владимир Зеленский 15 наурызда видео арқылы ресейлік әскерилерге қайырылды.
Украина басшысының мәлімдемесінен негізгі циталалар:
- Украинадан ештеңе ала алмайсыздар. Өмірлерді қиярсыздар. Сіздер өте көпсіздер. Бірақ сіздердің өмірлеріңізді де алады. Бірақ не үшін өлімге барасыздар? Білем, тірі қалғыларыңыз келеді. Сіздердің бұл соғыс жайлы, бұл масқара жайт жайлы, елдеріңіз туралы не ойлайтындарыңызды естіп жатырмыз. Бір-біріңізбен әңгімелеріңізді, жақындарыңызға қоңырау шалғанда айтқандарыңызды да тыңдадық. Сіздердің не ойлайтындарыңызды білеміз.
- Сондықтан сіздерге таңдау ұсынамын. Украина халқының атынан сіздерге мүмкіндік беремін. Біздің әскерилерімізге берілсеңіздер, сіздерге адам деп қараймыз. Өз әскерлеріңізде сіздерге олай қарамаған. Таңдаңыздар!
- Біздің батыл отан қорғаушыларымыз Ресей әскерін шығынға ұшыратып жатыр. Жақын күндері Ресейдің құлаған тікұшағы жүзге жетеді. 80 әскери ұшағын, жүздеген танкісін, мыңдаған әскери техникасынан айырылды. Ресей Украинаға басып кіргелі 19 күннің ішінде Шешенстандағы екі соғыспен салыстырғанда көп шығынға ұшырады. Кім үшін?
ПІКІРЛЕР