Ұлыбритания Ресейдің экс-президенті, қазір Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке, Ресей премьері Михаил Мишустинге, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуге, Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захароваға, кремльшіл журналистер - Владимир Соловьев, Ольга Скабеева, Антон Красовскийге санкция салды.
Лондон санкциясына бизнесмендер Петр Авен мен Михаил Фридман да ілінді.
Санкция салынғандардың Британиядағы активтері бұғатталады.
Ресей әскерилерінің қоршауындағы Мариуполь қаласында ашылған гуманитарлық дәліз арқылы екі мың жеңіл көлік шыққан. Тағы осыншама көлік қаладан шығуды күтіп тұр. Бейбіт тұрғындар Запорожье қаласына қарай бет алған. Бұл туралы Маруполь қала кеңесі телеграм каналында жазды.
Мариуполь бір жарым аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында қалып, қалада үздіксіз атыс жүрген. Мариуполь әкімшілігі қалада кемі 2 мың адам қаза тапқанын айтқан.
"Первый каналдың" тікелей эфиріне соғысқа қарсылық білдіріп атып шыққан редактор Марина Овсянниковаға қатысты материалдар Ресей тергеу комитетінде тіркелді. Бұл туралы адвокат Павел Чиков хабарлады.
Оның сөзінше, бұл әлі қылмыстық іс емес. Тергеушілер Овсянникованың әрекетінде қылмыстық сипат бар-жоғын тексеруі тиіс.
Қазір адвокаттар Овсянникованы іздеп таба алмай жатыр.
Украина басшысы Владимир Зеленский Украинаның НАТО-ға мүше болуы жайлы айтқаны:
-Украина НАТО-ның мүшесі емес екені түсінікті. Мұны біз жақсы түсінеміз. Жылдар бойы ашық есік туралы естіп келдік, бірақ қазір біз оған кіре алмайтынымызды түсіндік. Шындығы сол, мұны мойындауымыз керек. Халқымыз да мұны түсіне бастағанына қуаныштымынү Қазір халқымыз өзіне және бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сенеді.
Зеленский бұл сөзін Лондонда өтіп жатқан Joint Expeditionary Force жиынына онлайн форматта қосылып айтты.
ПІКІРЛЕР