Батыс басылымдары Ресейдің ықпалды генералы Украинада қаза болғанын жазып жатыр. Халықаралық басылымдар қаза тапқан генерал Ресейдің Шығыс округынан деп жазып жатыр.
Бұған дейін Украина әскерилері Ресейдың Шығыс округының 29-бөлімшесінің командиры, генерал-майор Андрей Колесниковтың қаза тапқанын айтқан.
Ресей жағы бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
Бұған дейін сарапшылар ресейлік жоғары дәрежелі әскерилердің Украинаға бармағанынан Мәскеудің операциясы дұрыс жүрмей жатыр деген.
Мариуполь қаласының кеңесі телеграм каналында қалада 1582 адам қаза болғанын жазды.
Қала әкімшілігінің мәліметінше, Мариуполь ресейлік әскерилердің қоршауында және бірнеше күннен бері шабуылға ұшырап жатыр. Қалаға гуманитарлық жүк, су, дәрі-дәрмек кіргізу мүмкін болмай тұр. Халық қаладан шыға алмай отыр.
Кеше, 10 наурызда Украина президенті Зеленский Мариуполь қоршауда екенін растаған.
АҚШ президенті Джо Байден Ресейге доллар банкноттарын жеткізуге шектеу қойды. Бұған дейін Еуропа одағы Ресейге еуро банкноттарын жіберуді шектеген.
Ресей билігі 9 наурыздан бастап ресейлік банктердегі есепшоттардан 10 мың доллар ғана алуға рұқсат берген, ал қалған ақшаны жұрт тек рубльмен ала алады. Бұл шектеу 2022 жылы 9 қыркүйекке дейін енгізілген.
Украинадағы соғыс. 11 наурызда не болды? Негізгі оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз:
- АҚШ президенті Джо Байден Ресейге доллар банкноттарын жеткізуге шектеу қойды. Бұған дейін Еуропа одағы Ресейге еуро банкноттарын жіберуді шектеген.
- АҚШ Ресейден араққа, бриллиант, икра алуға шектеу салды.
- Пентагон есебінше, Ресей әскері Киевтен 15 шақырымда тұр. Олар Украина астанасына солтүстік-батыстан және шығыстан кіруі мүмкін.
- Ресей әскерилері Донецк пен Мариуполь арасындағы Волноваха қаласын алдық деп мәлімдеді. Бұл Мариупольдегі жағдайды қиындатады.
- БҰҰ дерегінше, соғыс басталғалы Украинадан 2,5 млн адам кеткен. 549 бейбіт адам қаза болған.
- Ресей әскері Украинаның батысындағы Луцк, Ивано-Франковск, және Винница қаласын атқылады. Луцкте төрт адам қаза болғаны хабарланды.
- Ресей президенті Владимир Путин Беларусь режимінің лидері Александр Лукашенкомен кездесуде Украинамен келіссөзде "алға жылжу бар" деді.
- Мариуполь қаласының кеңесі телеграм каналында қалада 1582 адам қаза болғанын жазды. Қала әкімшілігінің мәліметінше, Мариуполь ресейлік әскерилердің қоршауында және бірнеше күннен бері шабуылға ұшырап жатыр. Қалаға гуманитарлық жүк, су, дәрі-дәрмек кіргізу мүмкін болмай тұр. Халық қаладан шыға алмай отыр.
- Украина ресейлік RT телеарнасының және "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянды сырттай қамауға алды. Енді Киев Симоньянға халықаралық іздеу жариялауға тырысады.
- Ресей бас прокуратурасы соттан Meta компаниясын экстремистік деп тануды және осы компания иелік ететін Фейсбук және Инстаграм желісін Ресейде бұғаттауды сұрады. Ресей тарабы Meta иелік ететін WhatsApp бұғатталмайды дейді.
- Инстаграм 14 наурыздан бастап Ресейде бұғатталады. Осы уақытқа дейін Ресейдегі қолданушылар фото-видеоларын басқа платформаға көшіріп үлгеруі тиіс. Ал ютуб Ресей билігі қаржыландыратын телеарналар мен сайттардың каналдарын бұғаттайды.
- Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа Таяу Шығыстан "еріктілерді" қатыстыруға келісті. Ал Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Таяу Шығыстан Украинадағы соғысқа барғысы келетін 16 мың еріктіден өтініш түсті деп отыр. Бұл еріктілердің көбі – Сириядан.
ПІКІРЛЕР