Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
21:31 4.3.2022

АҚШ қорғаныс министрлігі Запорожье АЭС-інен реактивті зиянды заттар ауаға шыққан жоқ деп отыр.

Жұмаға қараған түні Ресей әскерилері Энергодар қаласындағы Запорожье АЭС-ін атқылап, бір корпусы өртенген еді. Кейін өрт өшірілген. Қазір бұл станция Ресейдің бақылауында.

Запорожье АЭС-і – Еуропадағы ең ірі атом станциясы саналады. Алғашқы блогы 1984 жылы желтоқсанда, алтыншысы 1995 жылы іске қосылған.

21:21 4.3.2022

Британиялық ВВС медиасы Ресей аумағынан кетіп, тек сырттан хабар тарататынын мәлімдеді. Бұған дейін Ресей ВВС сайттарын бұғаттаған.

20:44 4.3.2022

Ресейлік "Новая газета" басылымы Ресейдің Украинадағы соғысы жайлы барлық мақала, контенттерін алып тастайтынын мәлімдеді.

"Ресейдегі әскери цензура жаңа фазаға көшіп, басылымды бұғаттау мен жабудан енді журналистер мен азаматтарды қылмыстық қудалауға өтті" деп мәлімдеді газет редакциясы.

Бүгін Ресейдің Федерация кеңесі (Ресейдің сенаты) Украинада жүрген "Ресей әскері жайлы фейк таратқандарды" қылмыстық жауапкершілікке тартып, 15 жылға дейін соттайтын заңды мақұлдады. Барлық сенатор заңды қолдаған.

Сарапшылар Ресей билігі өзінің ресми ақпараттарына сай келмейтін кез келген ақпаратты "фейк" деп танып, авторларын саоттауы мүмкін деп қауіптенеді.

20:33 4.3.2022

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Украина президенті Владимир Зеленский Украинадан кетіп қалды дейді. Ал Украина Жоғарғы радасы Зеленский Киевте екенін айтады.

Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подоляк баспасөз мәслихатында Украина президентінің қайда екенін айтпады.

"Біздің президент қазір әлемде нөмері бір. Оның қауіпсіздігі жайлы ештеңе растамаймын да, жоққа да шығармаймын" деді ол.

Бүгін, Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоро Зеленскийдің Киев түбіндегі саяжайынан ракета сынықтары табылғанын хабарлады.

Зеленскийдің өзі бұл ракета жайлы "мүлт кетті" деген.

Бұған дейін The Times соғыс басталғалы Зеленскийге қастандық жасауға үш рет әрекет болғанын жазған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG