Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
15:54 8.3.2022

БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан екі миллион адам кеткен. Олардың басым бөлігі Польшаға өткен.

БҰҰ бұл Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен босқындар дағдарысы деп мәлімдеді.

15:51 8.3.2022

Украинаның вице-премьері Ирина Верещук бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридор Мариуполь — Запорожье арасында ашылғанын мәлімдеді.

15:29 8.3.2022

Украина қарулы күштерінің бас штабы мен Ресей қорғаныс министрлігі таңертең таратқан хабарламаларын оқи отырыңыз.

Украина қарулы күштері:

  • Ресейдің әскери әрекеттерді баяулап қалды.
  • Киев, Чернигов, Николаев қалаларын қорғау жалғасып жатыр. Елдің оңтүстік шекарасында Украинаның ракетаға қарсы құрылғылары жаудың әуе шабуылдарына тойтарыс берді.
  • Харьков, Сум, Чернигов, Киев облыстарында ресейлік әскерилер мародерлікпен, тонаумен айналысып жүр.
  • Херсон мен Николаев облыстарында пропагандаға қарсы он психологиялық күрес тобы құрылды.
  • Соғыс басталғалы Ресей 12 мың әскериінен айырылды, 303 танкісі, 120 артиллериялық қаруы жойылды.

Ресей қорғаныс министрлігі:

  • Киев, Чернигов, Сум, Харьков, Мариупольден гуманитарлық коридор ашылды. Таңғы оннан бастап "тыныштық режимі" енгізілді.
  • "ДХР" күштері Мариупольдегі Осавиахим кварталына, "ЛХР" күштері сегіз елдімекенге бақылау орнатты.
  • Бір күнде Украинада 158 әскери нысан жойылды, олардың арасында Житомир ауданындағы Озерное аэродромы да бар.
  • Украинаның екі МиГ-29 ұшағы мен бір СУ-27 ұшағын атып түсірдік.
  • Осы уақытқа дейін Украинаның 2482 әскери нысаны жойылды.

Соғыс уақытында бұл ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

15:17 8.3.2022

8 наурыздағы ең маңызды оқиға - атыс жүріп жатқан жерлердегі бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін гуманитарлық коридор ашу болмақ. Екі тарап та коридор ашқандарын хабарлап жатыр.

Украина тарабы Сум қаласынан эвакуация басталғанын хабарлады. Әзірге бұл қазірге дейн ашылған жалғыз гуманитарлық коридор. Сум тұрғындары Полтоваға қарай кетіп жатыр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG