Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
17:09 1.3.2022

Еуропарламент Украинадағы соғысты талқылап жатыр

Еуропарламенттің Страсбургтегі шұғыл сессиясында депутаттар Ресейдің Украинаға басып кіргенін сынға алды.

Еуропарламент Украинаның Еуропа одағына қосылу өтінішін қолдайды

Еуропарламент жиынына видео арқылы қосылған Украина президенті Владимир Зеленский елін тез арада Еуропа одағына қабылдауды сұрады. Зеленский сөзінен соң еуродепутаттар орнынан тұрып, қол соқты.

Еуропарламент Украинадағы соғысты халықаралық деңгейде тергеу жүргізуді талап етпек.

17:57 1.3.2022

Киевтегі балалар ауруханасының жертөлесінде ондаған бала мен олардың ата-анасы жатыр. Олар мұнда бас сауғалап келген.

18:29 1.3.2022

Украина Қырғызстан мен Грузиядағы елшісін кеңесу үшін кері шақырып алды

Украина президенті Владимир Зеленский Қырғызстандағы елші Валерий Жовтенко мен Грузиядағы елші Игорь Долговты кеңесу үшін кері шақырды. Бұл туралы Зеленский Facebook желісіндегі эфирінде айтты.

Украина басшысы Қырғызстан билігі "Украинаға қарсы агрессияны ақтағаны үшін" елшіні кері шақырып алғанын жеткізді. Зеленский Грузия билігі Украинаға ерікті түрде көмектескісі келгендерге мүмкіндік бермеді деп мәлімдеді.

Қырғызстан билігі Ресейдің Украинаға басып кіргеніне қатысты ресми ұстанымын білдірмеген. Бірақ 26 ақпанда Ресей билігінің бақылауындағы РИА Новости агенттігі "Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенде кезінде Ресейдің Донбасстағы бейбіт тұрғындарды қорғау әрекетіне қолдау білдірді" деп жазған.

Бірақ Қырғызстан президентінің ресми сайтында "екі елдің басшылары халықаралық және аймақтың қауіпсіздігі бойынша, сонымен қатар Украинадағы жағдайға қатысты пікір алмасты" деп жазылған.

Жапаровтың баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев 27 ақпанда Facebook парақшасында "екі тарап жақын уақытта бейбітшілікке қол жеткізеді деп үміттенеміз. Біз бұл жағдайдың тез арада келіссөздер арқылы шешілгенін қолдаймыз" деп жазған.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев 27 ақпанда Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың сыртқы істер ведомстволарының онлайн кездесуінде Бішкек Украинадағы жағдайға алаңдап отырғанын жеткізген.

"Бұл қақтығыс екі ағайын халықтың арасында болып жатыр. Қырғыз халқы орыс халқымен де, украин халқымен де бұрыннан достық қарым-қатынаста. Бірақ Қырғызстан қазір әлем бірігудің орнына бөлініп жатқанына қынжылады" деген Казакбаев.

18:55 1.3.2022

ЕО өкілдерінің қарсылығы

Женевада өтіп жатқан БҰҰ қарусыздану конференциясы кезінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров видео байланыс арқылы сөйлей бастағанда Еуропа одағының өкілдері залдан шығып кетті.

Еуропа одағы Ресей ұшақтарына ұшуға тыйым салған соң Лавров бұл жиынға келе алмай, тек видео арқылы қосылды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG