Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
19:53 1.3.2022

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты ағылшын тілінде твит жариялап, "Қажет болса, Қазақстан келіссөзге орын ұсынуға дайын" деді.

"Украинадағы жағдай бойынша. Екі елді диалог құрып, жағдайды бейбіт жолмен шешуге шешуге бар күшті салуға шақырамыз. Бұдан басқа жол жоқ" деп жазды Тоқаев.

20:10 1.3.2022

Украинадағы соғыста Астрахань қазағының қаза тапқаны жайлы хабарлаған едік. Сол туралы видео дайындадық. Көре отырыңыз.

"Фанатиктер емес". Украинадағы соғыста этникалық қазақ қаза тапты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

20:32 1.3.2022

БҰҰ: Украинада соғыс басталғалы кемі 163 бейбіт тұрғын опат болды

БҰҰ есебінше, Украинада 24 ақпанда басталған соғыстан кемі 163 бейбіт тұрғын қаза тапқан, опат болғандар арасында 13 бала бар. Бұл туралы БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Элизабет Тросселге сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

Тросселдің сөзінше, кемі 400 адам жараланған, олардың ішінде 26 бала бар.

"Шынайы адам шығыны бұдан да көп болуы мүмкін" деді ол брифингте.

БҰҰ өкілі бейбіт тұрғындардың көбі әуеден жасалған шабуылдан және артиллериялық атқылаудан опат болып жатыр дейді.

Украина денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко 28 ақпанда 352 адамның қаза болғанын, олардың арасында 16 бала барын мәлімдеген. Ляшконың сөзінше, 2040 бейбіт тұрғын жараланған, арасында 45 бала бар.

24 ақпанда Ресей президенті Путинның бұйрығымен осы елдің әскерилері Украинаға басып кірген. Кремль мұны Украинаны "қарусыздандыру" және "ұлтшылдардан тазарту" үшін жасалған "арнайы операция" деп келеді. Ресей билігі бейбіт тұрғындарға оқ атпадық, тек әскери нысандарды ғана нысанаға алдық деген, бірақ қазірге дейін Киев, Харьков, Херсон және бірнеше қала шабуылға ұшырап, тұрғын үйлер қираған.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей Украинаға басып кіргенін соң "әскери және адамзатқа қарсы қылмыс" деген айыппен тергеу бастады.

АҚШ, ЕО және Батыс елдері Ресейге қатал санкциялар салған соң рубль құлдырап кетті.

20:49 1.3.2022

Киевтегі телемұнараға шабуыл жасалғаны хабарланды

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко ресейлік әскерилер Киевтегі телемұнараға шабуыл жасағанын хабарлады.

Интернетте тараған видеоларда мұнара құламағаны байқалады. Украиналық телеграм каналдар мұнара маңындағы аппараттар орналасқан ғимарат шабуылға ұшырағанын жазып жатыр.

Бүгін түсте Ресей қорғаныс министрлігі "Ресейге қарсы ақпараттық шабуылды тоқтату үшін" Киевке шабуыл жасалатынын хабарлаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG