Украина: Ресей 23 мың әскериінен айырылды
Украина қорғаныс министрлігі телеграм-каналында соғыс басталғалы Ресей 23 мың әскериінен айырылды деп мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Украина қорғаныс министрлігі Ресей мынандай қаруларынан айырылды дейді:
- 986 танк
- 2418 әскери көлік
- 435 артиллерия жүйесі
- 189 ұшақ
- 8 кеме
- 155 тікұшақ
Соғыс уақытында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.
ВВС соғыста қаза болған ресейлік 1899 әскеридің аты жөнін-анықтады
ВВС сайтының Орыс қызметі Украинада қаза болған ресейлік 1899 әскеридің аты-жөнін анықтаған. ВВС зерттеуінің негізгі деректері:
- Аты-жөні анықталған 1899 әскеридің 19 пайызы – офицерлер, кіші лейтенанттардан бастап генералдар. Сайт бұл соғыста қаза болған ресейлік әрбір бесінші әскери офицер дегенді білдірмейді дейді.
- Қаза болған 1899 әскеридің шамамен 20 пайызы – әуе-десант күштерінен.
- Қаза тапқан 1899 адамның көбі – Ресейдің депрессивті я жартылай депрессивті аймақтарынан.
- Соғыста мерт болғандардың саны бойынша Дағыстан (кемі 130 адам) мен Буратия (кемі 90 адам) алда тұр.
- Ресейдің аймақтарының барлығына дергілі соғыста қаза болғандар жайлы хабар таратты. тек Тек Ненец автономды округы мен Ямал-Ненец автономды округынан мұндай хабарлама болмады.
Тоқаевтың Мәскеудегі әскери парадқа шақырылмайтыны айтылды
Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгінгі брифингінде Кремль 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа шетелдік лидерлер шақырылмайтынын айтты.
Брифингте РИА Новости агенттігінің журналисінің «Путин бүгін [Қазақстан президенті] Тоқаевпен сөйлескенде оны 9 мамырда Мәскеудегі парадқа шақырды ма?» деп сұрағанда Песков:
«Жеңіс күніне біз шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Бұл – дөңгелек дата емес. Бұл – біздің мереке, бұл – бүкіл Ресей мен ресейліктер үшін қасиетті мереке. Бірақ шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Менің білуімше, Лукашенконы да шақыру жоспарланбаған» деді.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі бүгін «Азовсталь» зауытынан бейбіт тұрғындарды шығару операциясы жоспарланған деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемені Reuters агенттігі жариялады.
Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» комбинатында «Азов» батальоны мен Украина қарулы күштерінің бір бөлігі жасырынып, Ресей әскеріне қарсылық көрсетіп жатыр. Киев зауытта әскерилермен қоса мыңнан аса бейбіт тұрғын бар деген.
Осы аптада БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресей президенті Путинмен және Украина президенті Зеленскиймен зауыттан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша ақылдасқан.
ПІКІРЛЕР