Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

АҚШ-та Bank of America банкі Хьюстон және Нью-Йорк қалаларындағы Ресей консулдықтарының есеп шоттарын бұғаттады. Бұл туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, дипөкілдіктің жұмысы тығырыққа тірелген.

Ресей Украинаға басып кіргелі Батыс елдері Мәскеуге қарсы көптеген қатаң санкциялар жариялады. Мәскеу оларды "русофоб" деп айыптайды.

АҚШ билігінің екі белді өкілі Киевке келді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін Киевке келді. Бұл туралы Украина баспасөз құралдары хабарлады.

Олар АҚШ-тың Украинаға әскери-техникалық көмегін, соғыстың мән-жайын, қауіпсіздік мәселесін талқылайды.

Байден Украинаны одан әрі де қолдай бермек

"Путиннің Украинаға қисынсыз, негізі жоқ басып кіргеніне екі ай өтті, Киев әлі тұр. Президент Зеленский мен оның демократиялық жолмен сайланған үкіметі әлі де билікте. Украиналықтарды отанын қорғау ісінде қолдауды жалғастыра береміз" деп жазды АҚШ президенті Джо Байден 24 сәуірде. Осы күні Ресейдің Украинаға басып кіргеніне тура екі ай толды.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті "Украинаны қолдаудағы жетекшілігі үшін" алғыс білдірді. Жексенбі, 24 сәуірдің кешінде Зеленский Киевке келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен және қорғаныс министрі Ллойд Остинмен келіссөз жүргізді.

Францияда президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңді. Кейінгі 20 жылда екінші мерзімге өткен бірінші адам

Франция президенті Эммануэль Макрон. 24 сәуір 2022 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон. 24 сәуір 2022 жыл.

Эммануэль Макрон Франция президенті сайлауында жеңіске жетіп, кейінгі жиырма жыл ішінде қайта сайланған алғашқы адам атанды. Ол 24 сәуір күні сайлаудың екінші турында оңшыл-популистік кандидат Марин Ле Пенді жеңді. Әзірге қорытынды нәтиже шыққан жоқ, бірақ Ле Пен жеңілгенін мойындап үлгерді.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды. Алғашқы нәтиже бойынша бойынша 44 жастағы Макрон 58,8 пайыз дауыс алған. Ле Пенге сайлаушылардың 41,2 пайызы дауыс берген деп жазды Le Figaro басылымы.

Бұл екеуі осыдан бес жыл бұрын да біріріне қарсылас болған. Ол кезде Макронның басымдығы күштірек болған. 2017 жылы оған сайлаушылардың 66,1 пайызы, Ле Пенге 33,9 пайызы дауыс берген.

Бұл жолы президентке жанармай бағасы мен салықтың көтерілгеніне наразы топтар қарсы шықты. Ал Еуроодақтан шығуды насихаттап жүрген 53 жастағы Ле Пен өзінің ұстанымын жұмсартқандай болды.

Еуропаның көптеген лидері Ле Пеннің сайлануы Еуроодаққа теріс әсер етеді деп Макронды қолдады. Олар сондай-ақ Ле Пенді Ресей президенті Владимир Путинге жақын деп айыптады.

Сәуір айында The New York Times басылымы Еуроодақтың Макрон қайта сайланса, Ресей энергетикасына қарсы санкцияны күшейтуді жоспарлап отырғанын жазған.

Макрон Еуроодақ елдері ішінде Украинаға басып кірген Ресейдің президенті Владимир Путинмен байланысын үзбеген санаулы президенттің бірі. Бірақ оның Мәскеуге деген ұстанымы барған сайын қатайып келеді. Оның әкімшілігі Ресей мұнайы мен газына эмбарго жариялауға дайын екенін білдіріп отыр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG