Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

АҚШ ресейлік ғалымдарды өз еліне тартқысы келеді

Джо Байден әкімшілігі ресейлік ғалымдар, оның ішінде магистр дәрежесі бар қызметкерлер, ғылым кандидаттары мен докторларының АҚШ-қа кіруін жеңілдетпек.

Осы мақсатта жұмыс істеуге құқығы бар "H1-B" категориялы визаларды Американың ғылыми мекемелерінің шақыртуынсыз беретін болды. Мұндай виза түрін алу үшін қызметкер тек ғылыми дәрежесі барын көрсетсе болғаны.

Бұл жөнінде құпия дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады. Дереккөздің пікірінше, мұндай қадамдар соғыс жағдайында Путин режимін әлсіретуі тиіс.

Британ министрі: Путин 9 мамырда мобилизация жариялауы мүмкін

Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресей басшысы Владимир Путиннің 9 мамыр Жеңіс күні мобилизация жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Құпия дереккөзге сүйенген британдық Daily Mail басылымы ресейлік генералдардың Украинадағы соғыс нәтижесіне көңілі толмайтынын және шабуылды жалғастыру үшін қосымша күш қажет екенін жазды.

Алайда мобилизация жариялануы үшін Ресей соғыс жүріп жатқанын мойындауы керек. Осы күнге дейін Кремль Украинаға басқыншылығын "арнайы әскери операция" деп атап келген.

МАРИУПОЛЬДЕГІ ЖАҒДАЙ

"Азовсталь" госпиталіне жасалған әуе соққысынан жараланғандар саны 170-тен 600-ге дейін көбейді. Бұл жөнінде Мариуполь мэрі Вадим Бойченко хабарлады.

"Украина" медиа орталығындағы баспасөз жиыны кезінде Бойченко Ресей әскері қалаға басып кіргелі бері 20 мыңнан астам қала тұрғыны қаза болғанын айтты.

Бойченконың сөзіне қарағанда, "Азовсталь" комбинатын сағалаған тұрғындарда азық-түлік қалмаған, дәрі-дәрмекте тапшы.

"Мариупольден шыға алған тұрғындар қаладағы жағдайды тозаққа теңейді. Ал "Азовсталь" комбинатындағы жағдай одан да нашар. Ол жақта тамақ та, су да, дәрі де жоқ. Адамдар өздерін құтқаруды сұрап жатыр. Ол жақта күн емес, әр сағаттың өзі маңызды" деді мэр.

Оның айтуынша, бастапқыда "Азовсталь" комбинатындағы бомбадан қорғайтын орында шамамен 300 қала тұрғыны жасырынған. Бірақ кейін оларға қаланың солтүстік жағалауындағы бөлікте тұратын тұрғындар қосылған. Қазір зауытта қанша бейбіт тұрғын қалғаны белгісіз.

"Ол жақта эвакуацияны күтіп жатқан әйелдер, балалар, қарттар көп. Халықаралық қауымдастықты мәселені шешуге күш салуға үндейміз. Процедуралар мен келіссөздер нәтижесін беріп, адамдарды аман алып қаламыз деп үміттенеміз" деді Бойченко. Оның сөзінен "Интерфакс-Украина" агенттігі үзінді келтіреді.

Украина шығысында шайқас қызды, Харьковтегі Ресей әскеріне қосымша күш қосылды

Украинаның шығысындағы Луганск облысында қызу шайқастар жүріп жатыр. Ресей әскері бірқатар елді мекендерді атқылаған. Облыстық әскери әкімшілігінің уақытша жетекшісі Сергей Гайдайдың айтуынша, өткен түні Рубежное қаласы атқылауға ұшыраған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбі күні таңертең Днепропетровск облысындағы екі ауылға зымыранмен соққы жасалған. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр.

Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, Харьков түбіндегі Ресей әскеріне Ресейдің Белгород облысынан қосымша күштер қосылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG