Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

Украина вице-премьері Ирина Верещук «Ресеймен «Азовстальдан» бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша келісім болмағанын, комбинаттан азаматтарды шығаруға қажетті қауіпсіз жол ашылмағанын» айтты.

Ресей қорғаныс министрлігі бүгін түстен кейін Мариупольдегі «Азовсталь» комбинатынан бейбіт тұрғындар үшін гуманитарлық коридор ашатынын хабарлаған еді.

Британия барлаушылары: Ресей Херсонда референдум өткізбек

Ұлыбритания барлаушылары Ресей өзінің оккупациясын ақтау үшін Херсон облысында «Херсон халық республикасын» құру үшін референдум өткізуге дайындалып жатыр деп хабарлады. Ал Ресей сыртқы істер министрі 25 сәуірде «Херсонда референдумға дайындық жайлы естіген жоқпыз» деді. (Ресей үкіметі ақпанда батыс барлаушылары "Кремль Украинаға басып кірмек деп бірнеше рет айтқанда жоққа шығарып келген еді).

Украина президенті Зеленскийдің кеңесшісі Алексей Арестович Ресей Херсонда мұндай референдумды 1-10 мамыр арасына жоспарлап жатыр деген еді.

Бұған дейін Зеленский «егер Херсонда псевдореферендум өтетін болса Украина Ресеймен келіссөзден шығады» деп мәлімдеген.

Украинадағы соғыс. 25 сәуірде не болды?

  • Ресей мен Украина Мариупольдегі «Азовсталь» комбинатынан бейбіт тұрғындарды шығару үшін гуманитарлық дәліз ашуға келісе алмады. Ресей қорғаныс министрлігі дәліз ашамыз деген еді, бірақ Украина тарабы «бұл бір жақты шешім, бұл шешім қауіпсіздікке кепілдік бермейді» деді.
  • Ресейдің ФСБ-сы кремльшіл журналист Владимир Соловьевке қастандық жасамақ болған алты адамды ұстадық деді. Кремль бұл «жоспардың артында Украинаның қауіпсіздік қызметі» тұр деп отыр. Украина ФСБ сөзін жоққа шығарды.
  • Ресейдің Брянск қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты. Ресей қарулы күштеріндегі қызметкер телеграм каналдарға «базаға украиналық әскери дрондар шабуылдағанын» айтқан. Киев бұл өрт туралы ештеңе деген жоқ.
  • Путин Украинаның шығысынан 1 миллиондай адам Ресейге өтті деп мәлімдеді. Бұған дейін Украина тарабы «ресейлік әскерилер өздері оккупациялап алған жерлердегі халықты күштеп Ресейге көшіріп жатыр» деген еді.
  • Киев билігі қаладағы 1981 жылы тұрғызылған «Халықтар достығы» ескерткішін сұреді. Бұл ескерткіш орыс пен украин халқының достығының нышаны еді.
  • АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Киевке сапарынан соң «мақсат – Ресейдің әскери потенциалын әлсірету» деді.
  • АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте Зеленскиймен кездесуден соң «Мәскеу соғыста әскери мақсаттарына жете алмай жатыр» деді.
  • Ұлыбритания барлаушылары Ресей өзінің оккупациясын ақтау үшін Херсон облысында «Херсон халық республикасын» құру үшін референдум өткізуге дайындалып жатыр деп хабарлады. Ал Ресей сыртқы істер министрі 25 сәуірде «Херсонда референдумға дайындық жайлы естіген жоқпыз» деді.

Неміс концерні Rheinmetall өз үкіметінен Киевке Leopard 1A5 танкісінің 88 данасын беруге рұқсат сұрады

Leopard 1 танкісінің түрлі модификациясы неміс әскерінде 2010 жылға дейін қолданыста болған. Кейін оның орнына Leopard 2 танкілері келді. Бірақ Leopard 1 танкісі әлемнің өзге елдерінде әлі де қолданылады.

Неміс газеті Die Welt концерннің ішкі құжатымен танысқанын, онда Rheinmetall 22 танкіні алдағы апталарда-ақ жіберуге дайын екені, қалғанын жыл соңына дейін жолдай алатыны жазылған. Бірақ ол үшін Германия үкіметінің рұқсаты керек. Rheinmetall канцлер Олаф Шольц үкіметіне ресми түрде жүгініп үлгерді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Rheinmetall Украинаға Marder бронкөлігінің 100 данасын беруге де рұқсат сұраған. Концерн баспасөз қызметі бұл хабар туралы пікір білдіруден бас тартты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG