Accessibility links

Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.
Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 4-10 сәуір арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

10 сәуір. Украинадағы соғыстың 46-күні. Негізгі ақпараттар:

  • Северодонецкіде 10 сәуір таңертең мектеп пен екі тұрғын үй атқылауға ұшырады.
  • Киевке барған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қосымша әскери көмек беретінін мәлімдеді.
  • Зымыран соққысы жасалған Краматорск вокзалында қаза болғандар 52 адамға жетті.
  • Ресей әскері Миргород қаласына зымыранмен соққы жасап, қаладағы инфрақұрылым нысаны қирады. Екі адам зардап шеккен.
  • BBC: Ресей Украинадағы операцияға жетекшілік еткен қолбасшыны ауыстырды. Оған Украинада соғысып жатқан орыс әскері арасында әлсіз координацияны нығайтып, 9 мамырға дейін соғыстан "қандай да бір нәтиже шығару" жүктелген болуы мүмкін.
  • БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік соғыс басталғалы бері Украинадан 4,3 млн адам босып кеткенін мәлімдеді.
  • АҚШ Ресей мұнайы импортын тоқтататын заңға қол қойды.
  • Алматыда Ресей консулдығы алдында Буча қырғыны құрбандарын еске алған белсенділерді полиция ұстап, бірнеше сағаттан кейін босатты.

Қазақстан билігі Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін ашық айта бастады

Қазақстан билігі Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін ашық айта бастады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Бучадағы қырғыннан соң Ресейге салынуы мүмкін жаңа санкцияларды жариялады. Бұл тізімді Еуропа одағына мүше 27 ел мақұлдауы тиіс.

  • Ресейдің жылдық құны 4 млрд еуро болатын көмір импортынан бас тарту.
  • Жылдық құны 5,5 млрд еуро болатын икра, арақ, химиялық тауарлар импортынан бас тарту.
  • Жылдық құны 10 млрд еуро болатын компьютер чиптерінен және газ, транспорт саласына қажетті құралдарды Ресейге экспорттауға тыйым салу.
  • Ресейлік кемелердің ЕО порттарына кіруге тыйым салу. Бұл санкция энергоресурстар мен азық-түлік тиеген кемелерге салынбайды.
  • Беларусь пен Ресейдің жүк көліктеріне шекара жабу.
  • ВТБ бастаған ресейлік төрт банкке санкция салып, SWIFT жүйесінен өшіру.
  • Тағы бірнеше адамға санкция салу.

Урсула фон дер Ляйен ЕО Ресей мұнайы мен газына эмбарго жариялау әлі қарастырылып жатқан жоқ деді.

Германия Еуроодақтың Ресей көмірінен бас тарту жөніндегі бастамасын қарастыруға дайын. Бұл туралы елдің қаржы министрі Криштиан Линднер мәлімдеді. Министр одақ үшін Ресей энергия көздерін мейлінше тез бас тарту маңызды.

Еуроодақ қаржы министрлерінің жиынында Линднер Германияның Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ашық екенін айтты.

Германия Украинадан қашқан босқындарды паналатқан Молдоваға қаржылай көмекті көбейтпек

Германия Молдоваға тағы 50 евро қарыз беретінін мәлімдеді. Мұның алдында 40 миллион евро беретін болған. Германия канцлері Олаф Шольц бұл туралы Берлинде өтіп жатқан халықаралық донорлар конференциясында мәлімдеді. Конференция қатысушылары бұрынғы совет елдеріне көмектесудің жолдарын талқылау үшін жиналған. Шараны Франция мен Румыния бірге ұйымдастырған.

Жаңа несие украиналық босқындарға көмектесумен шектелмей, энергия көздері қымбаттауының салдарымен күресуге де жәрдем болмақ дейді Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Хебестрайт.

"Халқының санына шаққанда Молдова Украинадан қашқан босқындарды мейлінше көп қабылдаған ел болып шығады" деді ол.

Ресейдің басқыншылық соғысынан Молдова аса қатты зардап шекті. Себебі ол өзі тұтынатын газдың түгел Ресейден алады. Кейінгі алты айда Молдова үшін газ бағасы сегіз есе өсіп, инфляция 18 пайызға артқан.

Несие босқындарды паналатуға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін, мектептер мен балабақшаларды дамытуға арналмақ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG