Құжатта стратегиялық бағалау қамтылып, жекелеген елдер бойынша терроризмге қарсы шаралар сипатталған. "Террорды насихаттайтын, терроршыларды паналатқан, оларға қаржылай көмек көрсеткен елдер мен шетелдік террористік ұйымдар" туралы бөлімдер бар.
Баяндама бойынша терроризмді қаржыландыратын елдердің тізімі өзгермеген. Оған Иран, Куба, Сирия және Судан кіреді. Бұның ішінде «Қудс» исламдық революция күзетінің элиталық бөлімі, барлау мен қауіпсіздік министрлігі және Тегеран басқаратын ливандық "Хезболла" әскери ұйым сияқты террорлық ұйымдар орналасқан Иранға ерекше назар аударылады.
Иранның терроризмді қолдауы мен «Хезболла» ұйымының әрекеті 1990 жылдары шарықтау шегіне жетіп, асқына түсті. Баяндамада айтылғандай, Иран да, «Хезболла» да Сирия халқына қарсы аяусыз репрессия жүргізіп отырған Башар Асадтың режиміне жан-жақты қолдау жасайды.
«2012 жылдағы терроризм бойынша әр мемлекетке қатысты баяндама» жалпы алғанда, зорлықшыл терроризмге қарсы шаралардың әртүрлі сипатқа ие екенін көрсетеді.
Баяндама авторының стратегиялық бағалауы бойынша, Пәкістанда орналасқан "Әл-Қаида" террористік желісінің негізі әлсірей бастаған, ал оның жетекшілері аман қалу үшін күресіп жатыр. Құжатта: «Осының бәрі "Әл-Қаида" бөлімдерінің орталыққа тәуелсіз әрекет етіп, жеке бағдарламасын бекітуіне, қаржылық қамтамасыз етудің жеке әдісін табуына және адамдарды ұрлап, басқа да қылмыстарға баруына ықпал етті» деп жазылған.
Баяндаманың бағалау бөлімінде Американың «өзін орталықтандырылмаған, географиялық бытыраңқы орналасқан террорлық қауіптен қорғау» қажеттігі айтылады. Өйткені мұндай қастандықтың алдын алу қиын.
«Әл-Қаиданың орталығы қирауға даяр тұрса да, оның екі қауіпті филиалы (Йемен мен Сомалиде) елеулі шығынға ұшыраса да, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы шулы оқиғалар терроризммен күрес ахуалын қиындатты» дейді Ливия мен Йемендегі оқиғаны меңзеген автор.
Құжатқа сай, Ирактағы "Әл-Қаида" "Аль-Нусра майданы" деген атпен Сирияда орнықпақ. Асадқа қарсы бүлікшілер тобын да АҚШ үкіметі террорлық ұйымға жатқызып отыр.
Мемлекеттік департамент баяндамасының авторы 2012 жылы әлемнің 85 елінде болған террорлық шабуылдың 55 пайызы және өлгендердің 62 пайызы Пәкістан, Ирак және Ауғанстан елдерінің үлесіне тиесілі екенін айтады.
(Мақаланы әзірлеуге Аллан Давыдов пен Динара Әлімжан қатысты)

2012 жылы әлемде болған террорлық шабуылдың 55 пайызы, өлгендердің 62 пайызы Пәкістан, Ирак және Ауғанстан елдерінің үлесіне тиесілі.