Париждегі батыстық 28 елге энергия жеткізуді қамтамасыз етумен айналысатын үкіметаралық ұйым – халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) берген соңғы мәліметтер АҚШ-тағы дамудың әлемдегі энергетика нарығына қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.
Аталмыш агенттіктің бақылауы бойынша, АҚШ 2017 жылға дейін қазір бірінші орындағы Ресей мен екінші орындағы Сауд Аравиясын артқа тастап, әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елге айналмақ. Ұйым «АҚШ 2030 жылға дейін таза мұнай экспорттайтын елге, 2035 жылы өзін өзі энергиямен қамтамасыз ететін елге айналады» деп болжайды.
ӨЗГЕ ЕЛДЕРДІҢ ҚАУПІ
Соңғы бес жылда газ бен мұнай өндіру саласы АҚШ-тағы энергетика өндірісін қарқынды түрде дамытып барады.
Қазір АҚШ өзіне қажетті энергияның 20 пайызын сырттан тасиды. Лондондағы энергетика саласына арналған «Petroleum Argus» журналының редакторы Ричард Чайлдтың ойынша, АҚШ-тағы бұл өзгеріс әлемдік энергетика нарығына қатты ықпал етеді.
– АҚШ-та мұнай өнімдерін өңдеу өсіп жатқанымен, ол ел мұнайға деген сұранысын энергияны тиімді қолдану арқылы тежеп отыр. Негізінен олар бұл жобаны рұқсат етілген көліктердің жанар және жағармайларын тиімді қолдануды дамыту арқылы жүзеге асырып жатыр, – дейді ол.
Осындай өзгерістер болатынын білгендіктен Ресей, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК), Еуропа да сондай реформаға қарай ойысып барады.
Дәл қазір Еуропа Ресей мен Таяу Шығыс мұнайына қатты тәуелді, себебі жақын өңірдегі Батыс Африканың шикі мұнайын негізінен АҚШ сатып алып жатыр. Бірақ АҚШ Батыс Африка мұнайын импорттауды тоқтатқан кезде Еуропа ол өңірден көбірек мұнай сатып ала алады.
Бұл өзгерістер Еуропаның энергия көздерін көбейтуге септігін тигізгеннен бөлек, Ресей мен ОПЕК-ті Азия аймағынан жаңа нарық іздеуге мәжбүрлейді. ХЭА-ның болжамынша, 2035 жылға дейін Таяу Шығыстан келетін мұнайдың 90 пайызы Азияға қарай тасымалданады. Осы аймақта мұнайға деген сұранысы өсіп бара жатқан Қытай мен Үндістанға мұндағы мұнайдың 60 пайызы тасылады.
Лондондағы Чатхэм Хаус институтындағы энергетика саласы бойынша маманы Джон Митчелдің ойынша, «бұл жайт Азияның жыл сайын өсіп бара жатқан энергетикалық ашаршылығын тоқтатуға септеседі».
– Біз қазір Таяу Шығыстың мұнайы Азия нарығын қажетті энергиямен қамтамасыз ете алмайтын жағдайда отырмыз, – дейді ол.
МҰНАЙ АРЗАНДАМАЙДЫ
Өндіріс бойынша сараптама жасайтын мамандар мұнайға бай АҚШ-тың әлемдегі мұнай экспорттайтын негізгі елге айналуын елестете алмайды. Оның бір себебі экономикаға байланысты. Қазір мұнайдың бір баррелінің бағасы 80 доллардан асуы мұнай өндірісінің өркендеуіне серпін берді. Бұл – мұнай бизнесі өте табысты деген сөз.
Егер АҚШ-тағы мұнай өндіруші компаниялар әлем нарығындағы мұнайды көбейтіп жіберсе, өздеріндегі мұнай бағасын бақылай алмай қалуы мүмкін. Яғни мұнай бағасы түсіп кетеді.
Бірақ бұдан басқа алаңдайтын бір жайт – шикі мұнайды көп экспорттау үшін мұнай көздерін көп жерден бұрғылауға тура келеді. Себебі жекелеген мұнай мұнаралары аса өнімді болмайды. Ричард Чайлдтің зерттеуінше, қазір Сауд Арабиясының жалғыз мұнарасы АҚШ-тың ең көп мұнай соратын мұнай мұнарасынан орташа есеппен алғанда 26 есе артық өнім береді.
Яғни АҚШ мұнай қазатын қондырғыларды бүкіл территориясына орнатқанда ғана мұнай экспорттаушы ірі елдермен бәсекеге түсе алады. Бірақ қоршаған ортаға тигізетін зардабына байланысты ол жобаның жүзеге асуы екіталай.
– Мұнай өндіру технологиясы өте шапшаң дамығандықтан технологиялық прогресc те тоқтаусыз жүріп жатыр. Меніңше. соның өзінде де проблемалар болмай қоймайды. Мұнай өндірісін кедергісіз дамыта беруге АҚШ-тың штаттарының бәрі бірдей келіспейді, – дейді Лондондағы Чатхэм Хаус институтындағы энергетика саласы бойынша маманы Джон Митчел.
Зерттеуге қарағанда, АҚШ әлем бойынша мұнай өндіруші елдердің алдыңғы қатарында уақытша ғана тұра алады. АҚШ-тың мұнай өндірісі 2020 жылы күн сайын 11,1 миллион баррельге азаймақ. 2035 жылға қарай тәулігіне 9,2 миллион баррельге дейін кемиді. Ал әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел Сауд Арабиясы болашақта күніне 12,3 миллион баррель Ресей күнінен тоғыз миллион баррель мұнай алуды жоспарлап отыр.
Алдағы он жылда әлемде бұрын-соңды болмаған көлемдегі мұнай өндірілгенмен, оның бағасы қымбат күйі қалады. Себебі сұраныс та соған сәйкес өседі. ХЭА-ның болжауынша, әлем халқы келешекте 1,8 миллиардқа өсіп, жер бетіндегі адамзаттың саны 8,6 миллиардқа жетеді. Осы өзгеріс 2035 жылға қарай мұнай өнімдеріне деген сұранысты тағы да 10 пайызға өсіреді.
Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласы негізінде жазылды.