Accessibility links

Украина Ислам Каримовтің туысына баспана берді


Киев сотында тұрған Акбарәлі Абдуллаев.
Киев сотында тұрған Акбарәлі Абдуллаев.

Украинаның миграция қызметі Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтің әйелінің туысы – Акбарәлі Абдуллаевқа босқын мәртебесін берді. Ташкент Абдуллаевты отанына қайтаруға тырысқан еді.

Киев қаласы прокуратурасы баспасөз-хатшысы Надежда Максимец Азаттықтың Өзбек редакциясына Украинаның миграция қызметі маусымның 14-і күні Акбарәлі Абдуллаевқа босқын статусын бергенін, оның экстрадициялық тұтқыннан босатылғанын айтты.

- Қазір ол босқын статусын алды. Бұл шешіммен келісуге мәжбүрміз - Украина заңы бойынша босқын аталған адамды экстрадициялық қамауға ала алмаймыз. Енді Украина экстрадиция талап еткен тараптың ұсынысын қабылдамауға құқылы. Абдуллаевты Өзбекстанға беру-бермеу туралы нақты шешімді Украина бас прокуратурасы қабылдайды, - деді Надежда Максимец.

33 жастағы Акбарәлі Абдуллаев биыл қаңтардың 14-і күні Киевтегі Жулян халықаралық әуежайында, ұшақ қонған бетте ұсталған. Оның қолында Доминикан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы азаматы екенін растайтын құжаттары болған. Украина шекарашылары Абдуллаевты халықаралық іздеуде жүргені үшін ұстаған еді.

Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтің әйелі Татьяна Каримованың туысы Акбарәлі Абдуллаев өз елінде қылмыстық кодекстің 167-бабы («Иемдену немесе жұмсап жіберу арқылы ұрлау»), 178-бабы («Шетелдік валютаны жасыру»), 209-бабы («Лауазымын пайдаланып алдау»), 243-бабы («Қылмыстық іс-әрекетпен келген табысты заңдастыру») қылмыстары бойынша айыпталған.

Өзбекстанның бас прокуратурасы Киевке Акбарәлі Абдуллаевты Ташкентке экстрадиция жасау туралы ресми сұрау салған, бірақ процедураға қатысты ешбір ақпарат жарияланбай отыр.

Биыл наурызда Акбарәлі Абдуллаев Украина билігіне өтініш білдіріп, саяси баспана сұрады. Азаттықтың Өзбек қызметі тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Украинаның миграция қызметі баспасөз хатшысы Сергей Гунко Абдуллаевтың осындай қысқа мерзім ішінде саяси баспананы қалай алғанын түсіндірмеді.

- Украина заңдары шеңберінде бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын, - деді Гунко.

Мамыр айында сотта сөйлеген сөзінде Акбарәлі Абдуллаев Өзбекстанға экстрадиция жасалудан қорқатынын, ол жақта өзін азап пен өлім күтіп тұр деп санайтынын айтқан еді.

ВИДЕО: Абдуллаевтың соттағы сөзі (видео - орыс тілінде)

«Они будут пытать, а потом убьют меня» – в Киеве задержан родственник Ислама Каримова
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

Еуропа парламентіне мүше болып отырған Украина Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясының 3-бабы бойынша адамдарды азапталуы немесе адамгершілікке қайшы қарым-қатынас жасалуы мүмкін елдерге бермеуге міндеттелген. БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің деректеріне қарағанда, Өзбекстанның түрмелері мен тергеу абақтыларында азаптау жиі қолданылады.

2013 жылы қазанның 10-ы күні Абдуллаев экономикалық қылмыс жасағаны үшін айыпталып, Ислам Каримовтің бұйрығымен тұтқындалған. 2014 жылы оны 15 жылға соттады, кейін жазалау мерзімі алты жарым жылға азайтылды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің ел ішіндегі дереккөзге сілтеме жасаған тілшісі Абдуллаевтың екі жарым жылдан соң рақымшылыққа ілігіп, түрмеден шыққанын айтады. Бірақ президент Ислам Каримов дүние салған соң елден кетпеу туралы қолхат бергеніне қарамастан Абдуллаев Өзбекстаннан кетіп қалды.

XS
SM
MD
LG