Астанадағы әскери парад
Астанада Қазақстанның отан қорғаушылар күніне және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті. Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан қарулы күштерінің барлық түрлерінен 5 мыңға жуық әскери қызметшілер, 200 қару-жарақ пен әскери техника, 70 әскери ұшақ пен тікұшақ қатысқан бұл әскери шеру - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды әскери парад. 1992 жылы мамырдың 7-і күні Қазақстан президенті әрі бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қарулы күштер құру туралы жарлыққа қол қойған. Астана, 7 мамыр 2015 жыл.