Алайда Солтүстік Кавказ аймағын зерттейтін сарапшы әрі журналист Иван Сухов Азаттық тілшісіне берген сұқбатында "Бостон күдіктілеріне Ресейдің тынышсыз аймағымен байланыстары ықпал етуі мүмкін" дейді.
- "Имарат Кавказ" ("Кавказ әмірлігі" - ред.) - Солтүстік Кавказдағы белгілі террористік ұйым. Қазір бұл аймақта осындай қанша ұйым бар және олар бір-бірімен байланысып отыра ма?
- Ондай ұйымның он шақтысы бар. Олар "Имарат Кавказдың" атын жамылып әрекет ете беруі мүмкін. Бірақ бұл олардың бір ұйым екенін білдірмейді. Олардың әрқайсысы өз бетінше қимылдайды. Қазір бұл ұйымдар бұрынғы шешен сепаратистері сияқты біртекті қозғалыс емес. Олар қазір бір идеяға біріккен, бірақ топ-топқа бөлінген немесе жалғыз жүретін жауынгерлерге айналды.
- Ағайынды Царнаевтар Солтүстік Кавказдағы көтерілісші қарулы топтардың әлеуметтік желідегі аккаунттарына бірнеше мәрте сілтеме жасаған. Қалай ойлайсыз, олардың отанындағы "радикалды исламшылдар" мен Бостондағы жарылыстардың арасында байланыс бар ма?
- Менің ойымша, олар Солтүстік Кавказдағы астыртын күрестен аздап шабыт алған болуы мүмкін. Бірақ Солтүстік Кавказдағы нақты бір командирмен тікелей байланысып отырды дегенге күмәнім бар. Олар тек Солтүстік Кавказдағы көтерілісшілерге іштей жақтасқан, оларды интернет арқылы бақылап отырған, бір мезетте әрекет ететін сәт туды деген шешімге келген деп болжаймын.
- Шешен көтерілісшілерінің жетекшісі Доку Умаров 2007 жылы "Имарат Кавказ" ұйымын құрғанын мәлімдеп, шет мемлекеттерге, оның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ-қа шабуыл жасайтынын айтты. Ол бұл мәлімдемесін іске асырған емес. Бірақ Кавказ көтерілісшілері Бостондағы жарылыс сияқты әрекетті ұйымдастыру туралы нұсқау алуы мүмкін бе?
- Ол кезең Солтүстік Кавказдағы сепаратистік қозғалыстың 1990 жылдары басталып, 2000 жылдардың басына дейін жалғасқан Шешенстанның тәуелсіздігі үшін күресті тоқтатып, діни қозғалысқа айналуға қадам басқан кезең еді. Осы кезден бастап олардың жетекшілері ресми түрде өздерінің мақсат-мұраттарын діни мақсаттар ретінде көрсететін болған.
Умаров АҚШ пен Ұлыбританияны бекер айтқан жоқ, өйткені олар өздерін ғаламдық жиһад қозғалысының бір бөлшегі ретінде көрсете бастады. Қуғындағы шешен үкіметінің басшысы Ахмед Закаев Батыстың назарын бұған бұрғысы келгенімен, оны ешкім елеген жоқ.
- Умаров "Әл-Қаидаға" бүйрегі бұратынын ашық білдіреді. Солтүстік Кавказ көтерілісшілері мен "Әл-Қаида" арасында идеологиялық ұқсастықтан басқа байланыс бар ма?
- Таяу Шығыс пен ғаламдық жиһад арасында байланыс бар. 2000 жылдардың басында олардың арасындағы байланысты анықтаған журналистік зерттеулер болған. Ғаламдық жиһад қозғалысы бар, олардың Солтүстік Кавказ көтерілісшілерімен байланысы бар. Бірақ Солтүстік Кавказдағы жағдайға осы байланыс ықпал етті деп, артық айтуға болмайды. Проблемалардың тамыры сол аймақтардың өзінде жатыр.