Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон 2015 жылы болатын сайлауларда өз үкіметі жеңіске жетсе, елдің Еуропа Одағы (ЕО) құрамында қалу немесе мүшеліктен шығу мәселесін 2017 жылдың соңына дейін референдумға салатынын айтты.
ЕО елдері басшылары Кэмеронның бұл сөзіне алаңдаушылық білдірді.
Германия канцлері Ангела Меркель "ЕО мен Ұлыбритания бітімге келуі керек" десе, Францияның қаржы министрі Пьер Московиси "одаққа мүше Лондонның құқы ғана емес міндеті де бар" екенін ескертті.
Дэвид Кэмеронның сөзі Ұлыбританияда да әрқилы пікір туғызды. Оппозициялық лейбористер партиясының басшысы Эд Милибэнд "Кэмероннің артық тәуекелге барғанын" айтса, бизнес иелері премьер-министр мәлімдемесінің экономикаға әсері болатынын ескертті.
Өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама да Кэмеронға «АҚШ Еуропа Одағы құрамындағы қуатты Ұлыбританияны бағалайтынын» айтқан.
«ОДАҚ ӘЛСІРЕУІ МҮМКІН»
Сарапшылар Ұлыбритания одақ құрамынан шығып кетсе, ұйымға қандай әсері болатыны жайлы әртүрлі болжам айтады.
Олардың ойынша, Ұлыбритания кетсе, ЕО сыртқы саясатта ғаламдық мәселелерден гөрі аймақтық, жергілікті проблемалаларға баса мән беріп кетуі мүмкін. Себебі Ұлыбритания – ЕО атынан әскери операцияларды жүргізуші басты ел, одақ мүшелері арасында өзге мемлекеттерде ірі дипломатиялық корпусы бар ел.
– Ұлыбритания ЕО-дан шығып кетсе, ұйым әскери, дипломатиялық салаларда әлсізденіп, экономикалық қуатынан айырылуы мүмкін, – дейді Халықаралық бейбітшілік жөніндегі Еуропа Карнеги қорының өкілі Стефан Лене.
«ШЫҒЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ ҰЙЫМҒА КІРЕ АЛМАЙ ҚАЛУЫ МҮМКІН»
Ұлыбритания ЕО-ның ұлғаюын аймақты тұрақтандыру және ұйым нарығын кеңейтудің жолы деп түсінеді. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесінің өкілі Яна Кобзова Ұлыбританияның Батыс Балқанда басты ойыншы рөлін үнемі атқармаса да, аймақтың басты одақтасы болғанын айтады.
– Мысалы, Батыс Балқан аймағындағы бір мемлекеттің ЕО құрамына кіруін Словакияның жақтағаны мен Ұлыбританияны қолдағаны – екі бөлек, – дейді ол.
Сондықтан биыл жазда Хорватия ЕО-ға қосылған соң ұйым бірнеше жыл бойы кеңейе қоймауы мүмкін. Әрине, Германия Батыс Балқан елдерінің ЕО-ға қосылуына сөз жүзінде ғана қолдау танытып жүре бермек. Бірақ Германияның өзі Еуропадағы қаржы дағдарысын реттеумен әуре болып кетті.
ЕО бұрынғы Югославия құрамында болған республикаларды құрамына кіргізу туралы міндеттемесін орындаса да, шығыстағы көршілеріне ұйым есігі «тарс жабылуы» ықтимал.
Брюссельде орналасқан Еуропа саясаты орталығының өкілі Роза Балфурдың ойынша, Ұлыбритания одақтан шықса, Грузия, Молдова және Украина сияқты елдер Брюссельдегі «маңызды қолдаушысынан» айырылады.
– Бұл мемлекеттер ЕО құрамына кіргісі келеді, бірақ Франция мен Германия оны қаламайды. Ұлыбритания болмаса, ол елдердің ұйым есігінен «сығалауы» қиын, – дейді Роза Балфур.
«ЕО-НЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН»
Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесінің өкілі Яна Кобзованың пікірінше, Ұлыбритания одақтан шығып кетсе, ұйымдағы басқа елдер (Франция, Германия, Испания, Италия сияқты ірі мемлекеттер) басы артық мәселеге назар аудармай, Ресеймен энергетикалық мәселелерге қатысты келісім шарттар жасасуды қолдайды.
– Ұлыбритания – Ресеймен қарым-қатынаста тек материалдық пайданы ғана көздемей, адам құқықтары, демократияның жай-күйі сияқты мәселелерге де назар аударатын мемлекеттердің бірі. Лондон Ресейде сыбайлас жемқорлық мәселесі, басқару жүйесінде кемшіліктер барын еске салып, «ол мәселелер ЕО-ның назарында тұруы керек» деген ұстанымды қолдайды, – дейді Яна Кобзова.
«ЕО ЖЕКЕ-ДАРА ОЙЫНШЫҒА АЙНАЛУЫ МҮМКІН»
«Егер Ұлыбритания ЕО құрамынан шықса, одақ сыртқы саясатта бір ғана пікірді ұстанатын ойыншыға айналуы мүмкін» дейді сарапшылар. Бұған қоса, еуропалық федералистердің арманы орындалып, одақ БҰҰ қауіпсіздік кеңесі сияқты халықаралық ұйымдар қызметіне жеке-жеке мемлекеттер ретінде емес, бір ұйым ретінде араласа алмақ.
Балфурдың сөзіне қарағанда, ЕО заңнамаларында 2009 жылы күшіне енген Лиссабон келісімі бар.
– Ол келісім бойынша, ЕО халықаралық ұйымдармен бір ғана субъект ретінде қарым-қатынас орната алады. Бірақ оған Ұлыбритания түрлі жолдармен қарсылық танытып, ол келісім орындалмай келді. Және Ұлыбританияның осы келісімге қарсылық танытуынан ЕО зардап шекті. Егер Ұлыбритания ЕО-дан шықса, бұл жағдай өзгерер, – дейді Роза Балфур.
Еуропа Одағы – Еуропа мемлекеттерінің саяси және қаржылық-экономикалық бірлестігін құруға бағытталған ірі аймақтық одағы. Одақ тауар, қызмет, капитал және адамдардың еркін айналымын дамытып, біртұтас сыртқы және қауіпсіздік саясатын қалыптастыруды қолдайды.
Еуропа Одағының құрамында 25 ел бар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония.
Мақаланы ағылшын тілінен аударған Айбек Бейсебай.