АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Еуразиядағы" интеграциялық қимылдарды "аймақты советтендіру талпынысы" деп атады.
"Еуразиядағы интеграцияға" қатысты ойларын Хиллари Клинтон желтоқсанның 6-сы күні Дублинде өткен заңгерлер мен қоғам белсенділерінің халықаралық жиынында айтқан.
«Біз мұнда (Еуразия Одағын құру жоспарында - ред.) қандай мақсат тұрғанын білеміз және оны баяулату немесе алдын алудың тиімді жолдарын табуға тырысамыз» деп Клинтон Ресейдің Кеден Одағы сияқты бастамаларына меңзей кетті.
ЖОҚҚА ШЫҒАРУ
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, Хиллари Клинтонның «жағдайды басқаша түсінгенін» айтып, жоққа шығаруға тырысты.
- Бұрынғы совет республикаларында болып жатқан жайттар – бұл тек экономикалық қарым-қатынастарға негізделген интеграцияның жаңа түрі. Бұдан басқа интеграция түрі әлемде болуы да мүмкін емес, - деді Песков.
Қазан айында Ресей президенті Владимир Путин өзінің авторлық мақаласында «Еуразия Одағы» аясында тереңірек ынтымақтасуды ұсынған еді.
«Басқа үлгідегі Совет Одағы жаңғырады деген бос сөз. Тарихты көшіру немесе жаңғырту аңғалдық болар еді. Бұл - жаңа маңызды саяси, экономикалық құндылықтарға негізделген интеграция болмақ» деп жазылған мақалада.
ҚУҒЫН-СҮРГІН
Желтоқсанның 6-сы күні Хиллари Клинтон Ресей, Беларусь, Украина және Түркіменстан сияқты елдерде азаматтық қоғам өкілдеріне қатысты жүргізіліп жатқан «жаңа қуғын-сүргін тактикасын» сынап, оның қылмыстық әрекет ретінде бағаланатынын айтқан.
Оның айтуынша, бұрынғы совет елдерінің билігі "қоғамдағы "өзгеше ойларды" тұншықтыруға тырысып, барған сайын агрессивті" болып барады.
Мемлекет хатшысы соңғы кезде АҚШ және өзге елдер қаржыландыратын адам құқығы ұйымдарына қысым үдеп кеткенін жеткізген.
"Біз бұған төтеп беруге тырысып жатырмыз, бірақ бұл оңай емес. Сіздерді қорғаудың жаңа амалдарын табуымыз керек. Себебі кейбір елдерде, атап айтқанда Ресейде ендігәрі біздің жасағандарымыз заңсыз болып саналады" деді Клинтон.
Ол Вашингтонның Минскіге қатысты "жеңілгенін", Киевтен "қатты көңілі қалғанын" да сөз арасында айтып өткен.
АҚШ-тың мемлекет хатшысы адам құқықтарына қатысты Түркіменстан тарапынан еш жауап ала алмағанында атап өткен.
"ШЕТЕЛ АГЕНТІ" РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУГЕ МІНДЕТТЕЙТІН ЗАҢ
Клинтон Ресейде өткен айда қабылданған үкіметтік емес ұйымдар туралы заңға қатысты алаңдап отырғанын жеткізген.
Елдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қадағалауға арналған жаңа заң - Ресейден тыс елдерден қаржыланатын үкіметтік емес ұйымдарды «шетел агенті» ретінде таниды.
Бұл заң сонымен бірге билік органдарына "шетелден қаржыланатын, елдің саясатына араласқан немесе өзге елдердің мүддесіне сай жұмыс істейтін" "шетел агенті" статусына ие үкіметтік емес ұйымдарды қатаң түрде тексеруге мүмкіндік береді.
Жаңа құжатқа сәйкес, мұндай үкіметтік емес ұйымдар қаржылық аудит және жылына екі мәрте ұйымның қызметі туралы есеп тапсырып отыруға міндетті.
Бұл ережені орындамай, толық есеп жасамағандарына 1 миллион рубль (30 240 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен бірге төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осы жылдың маусым айында Ресейде рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін салынатын айыппұл көлемін шарықтату туралы заң күшіне енген болатын.
Оған сәйкес, биліктің рұқсатынсыз наразылық шарасын өткізген адамға 9 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салу жазасы қарастырылған.
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ
Қазақстанда Еуразия аймағындағы интеграцияға қатысты пікірлер әртүрлі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "еуразиялық идеясынан" бастау алған ынтымақтастықты көбіне, шенеуніктер, билікшіл саясаттанушылар қолдап жатады. Мемлекеттік БАҚ та мұндай интеграцияның пайдалы екені жиі жазады.
Ал бірқатар оппозициялық және тәуелсіз саясаткерлер мен сарапшылар "егер Қазақстан Еуразия Одағына қосылса, тәуелсіздігін жоғалтады" деп ойлайды.
Кейбірі мұндай мемлекеттік маңызды шешімдерді билік өз бетінше емес, жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдауы тиіс деп есептейді.
"Еуразия Одағы" деген тіркесті Ресей президенті Владимир Путин бірнеше мәрте қолданды. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл атауды анық айтпағанымен Кеден Одағы мен еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына жиі нұсқайды.