Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі аумақтың демократиялық дамуына арналған есеп авторларының айтуынша, 2012 жылы бұл аймақта авторитарлық биліктер нығайып, жемқорлық жайылып, азаматтық қоғам қыспаққа түсіп, тіпті кей кездері саяси оппозиция өкілдері зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Ұйым Еуразия мемлекеттеріндегі демократияның дамуын 1-7 ұпай аралығында бағалаған. Демократиялық көрсеткіші ең жақсы (1.00-2.99 ұпай) елдер - Словения, Эстония, Латвия, Чехия, Польша, Литва, Словакия, Венгрия.
Қазақстанда бұл көрсеткіш бойынша ең төменгі топта (6.00-7.00 ұпай жинаған) "Консолидацияланған авторитарлық билігі" бар елдер тізімінде тұр. Бұл тізімге Қазақстанмен бірге Ресей, Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь, Түркіменстан және Өзбекстан енген.
Қазақстан бұл тізімде демократиялық жағдайы нашарлаған 17 елдің қатарында да тұр.
"АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ЕЛЕМЕЙТІН ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ-НЫ БАСҚАРДЫ"
Ұйымның айтуынша, 2012 жылы Еуразияның "деспоттық режимдері" демократиялық өзгерістермен қарқынды күрескен. Елдің ішіндегі жаңа қысым мен сырттағы (Таяу Шығыстағы) саяси толқуларға қарсы ондай биліктердің үйреншікті амалы - қарсыластарына (ереуілші мұнайшылар авдокатына, диссидент блогерлерге, діни нонконформистерге, экологиялық белсенділерге, құқық қорғаушыларға немесе оппозициялық партия басшыларына) сенімді түрде шабуыл жасау болды.
Талай жылдан бері цензура жасау тәжірибесі бар билік репрессияның жаңа түрлерін қолданып, өзгеше ойлайтын азаматтарды шектеу үшін сот жүйесін өзіне бағындырып, кейде зорлық та көрсетті. Соның кесірінен автократиялық елдердегі басқару мекемелері өз міндеттерін орындай алмай, тәуелсіздігінен айырылып, коррупцияға қарсы тұра алмай қалды.
"Мұндай жағдай азаматтық қоғам өкілдеріне аса қатаң қыспақ көрсеткен, автократиялық билік орнаған елдерде қатты байқалды. Қазақстан кәсіподақ және опппозиция белсенділерін "2011 жылы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасын ұйымдастырып, тәртіпсіздік жасауға үгіттеді" деген айыппен қысымға ұшыратты. Оппозициялық ақпарат құралдарына тыйым салу үшін оларға айыптау үкімін шығарды" деп жазады Freedom House.
Ұйым 2012 жылдың ерекше сипатының бірі ретінде азаматтық қоғамға қысым көрсету үдегеніне назар аударады.
2011 жылы бұқаралық қарсылыққа ұшыраған авторитарлық биліктер 2012 жылы жаңа шектеуші заңдар қабылдап, репрессия амалын үнемі қолданып, шерулердің алдын алмақ болды. Ұйым қоғамдық жиын, діни қызмет және коммерциялық емес ұйымдарға заң бойынша шектеу жасап, қысымды күшейткен Қазақстанның да "Азаматтық қоғам" көрсеткіші бойынша нәтижесі төмен болғанын жазады.
"Шеттегі жақсы атын қалыптастыру үшін көп күш жұмсаған Қазақстан 2010 жылдан бастап билікке қауіп төндіреді-ау деген адамдарды басып-жаныштады" деп жазады есеп авторлары.
2012 жылы қаңтарда мақұлданған заң "тексерілмеген ақпаратты" тарату арқылы "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп", "қоғамның және жеке адамдардың санасына әсер ететін" тұлғаларға қатаң айыппұл салуды қолдады.
Билік Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотқа тартылған азаматтарды айыптауға жанын салып бақты. 2012 жылы маусымда Жаңаөзеннің 34 тұрғыны мен жұмысшылар белсендісі "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға" айыпты деп танылды, қазанда оппозиция жетекшісі Владимир Козлов пен екі айыпталушы "әлеуметтік аразлдықты қоздырғаны үшін" сотталды. Кейін бұл үкім "Алға" саяси партиясын, бірнеше оппозициялық ақпарат құралдарын "экстремизим" айыбы бойынша жабуға сылтау болды.
Freedom House ұйымының есебінше, Қазақстанның халықаралық дипломатиялық, қауіпсіздік және демократияландыру жөніндегі форумдар мен ұйымдарға қабылдануы қатты алаңдататын жағдай. "Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға (президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі әдейі көзге ілмейтін адам құқығы, ақпарат құралдары еркіндігі, адал сайлау сияқты құндылықтарды дамытуы тиіс ұйым) төрағалық еткен алғашқы пост-советтік ел болды" деп жазады ұйым.
"ӨЗДЕРІ КЕТСЕ ДЕ КЕСІРІ ҚАЛАТЫН АВТОКРАТТАР БАСШЫЛАР"
Еуразиядағы демократиялық институттар соңғы оншақты жылда бүліне бастағанын айтқан ұйымның сөзінше, демократиялық стандарттардың жаппай құлдырауы сайлауға, пікір және баспасөз еркіндігіне, биліктің жариялылығына, соттың тәуелсіздігіне, азаматтардың еркін қауымдастықтарға бірігіп өзгеріс жасау құқығына кесірін тигізеді. "Азаматтық қоғамның белсенділігін тыюға бағытталған жаңа заңдар мен шаралар - барлық оппозициялық және сыни пікірлерді жоюды мақсат еткен авторитарлық амалдың дәлелі" дейді есеп авторлары.
Еуразияның кейбір елдерінде үміт оты оянғанмен, аймақта бұрмаланған сайлаулар, үкіметке қызмет ететін заң жүйесі мен насихаттаушы ақпарат құралдары, қолбала оппозициялық партиялар басым.
Есеп авторларының жазуынша, атаққұмар "мәңгілік" президенттер қолданатын күрделі және қатаң бақылау амалдарын еске алсақ, авторитарлық билік орнаған елдерде өзгеріс жасауға ұмтылу - тәуекелі аса зор іс. Бірақ әлемдік демократияның авторитарлық саясатты өзгертетін, қыспақтағы диссиденттерді қолдайтын амалдары да бар.
"Ең әуелгі қарапайым іс - репрессияшыл билікке халық сайлаған кәдімгі үкімет деп қарауды қою керек; оларға спорттық жарыс, ән фестивалі, халықаралық конференциялар өткізуге ерік беру арқылы қолдау көрсеткенді доғару керек" дейді Freedom House.
Таяу Шығыстағы оқиғаларды еске салған ұйым "еш кедергіге жолықпаған репрессияның кесірі ондай билеушілер кеткен соң да көпке дейін демократиялық институттарды күйретіп, өзге елдерге де қауіп төндіреді" деп ескертеді.
Ұйымның жазуынша, аймақтағы мұндай жағымсыз билік уақытша құбылыс емес екенін, халқын емес билігін өмір-бақи сақтауға ұмтылған ұятсыз әрі есепшіл басшылардың батыл әрекетінің кесірі екенін демократияшыл елдер түсінуі керек.

Атаққұмар "мәңгілік" президенттер қолданатын күрделі және қатаң бақылау амалдарын еске алсақ, авторитарлық билік орнаған елдерде өзгеріс жасауға ұмтылу - тәуекелі аса зор іс.Freedom House