Accessibility links

Пхеньянның спутнигі сарапшыларды ойлантып тастады


Unha-3 спутнигі ұшқан сәт. Солтүстік Корея, 12 желтоқсан 2012 жыл.
Unha-3 спутнигі ұшқан сәт. Солтүстік Корея, 12 желтоқсан 2012 жыл.

Foreign Policy Солтүстік Кореяның алысқа ұшатын зымырандар жасағаны туралы мақала жариялады. Шетелдік мамандар «Солтүстік Кореяда құрлықаралық зымырандар бар ма, жоқ па?» деген сұраққа жауап таппай жатыр.

«Солтүстік Кореяның ерте ме, кеш пе ақыры ғарышқа зымырын ұшыруды меңгеретінін білуге тиіс едік» жазады Foreign Policy басылымы.

Өткен аптада ол елдің мемлекеттің жаңалық агенттігі «инженерлер двигательмен басқарылатын бір сатылы зымыранның техникалық кемшіліктерін тапқан соң зымыран ұшыратын орындарын кеңейтіп жатыр» деп хабарлаған. Шетелдік басылымдар «Пхеньянның 12 желтоқсанда ұшырған зымыраны хабар-ошарсыз кетті» деген мәлімет те айта бастады.

«ЖАРЫЛЫС АУМАҒЫ 15 МЫҢ ШАҚЫРЫМҒА ЖЕТЕДІ»

Шетелдік мамандар Солтүстік Корея жасаған Unha-3 деп аталатын зымыранның ғарышқа ұшуына байланысты алаңдағандарын жасырмаған. Олар «Солтүстік Кореяда қазір құрлықаралық баллистикалық зымыран бар ма? Олардың жасаған зымыраны Иранның қолындағы құрлықаралық баллистикалық зымыран ба? Бізге қатер төніп тұр ма?» деген сауалдар қояды.

Мақала авторы Джефри Льюис бұл сұраққа «Мүмкін. Анық айта алмаймын. Бәлкім, солай шығар, бірақ дәл қазір емес» деп жауап береді. Оның пікірінше, ұшырылған
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен ғалымдар Unha-3 спутнигінің ғарышқа ұшқанына қуанып тұр. 13 желтоқсан 2012 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен ғалымдар Unha-3 спутнигінің ғарышқа ұшқанына қуанып тұр. 13 желтоқсан 2012 жыл.
жаңа зымыран құрлықаралық баллистикалық зымыранның өзі болмаса да, соған көбірек ұқсайды. Мақала авторы Unha-3 деп аталатын зымыранды үш сатылы Taepodong-2 деп аталатын зымыранның жаңа атауы деп түсіндіреді. Оның айтуынша, бұл зымыран жарылса, 15 мың шақырым аумақты қамти алады.

Foreign Policy-дің жазуынша, АҚШ барлау қызметі «жеңіл жасалған зымырандар жарты тонна жүк арқалап ұша алады» деп болжайды. Алайда Солтүстік Кореяның плутонийға негізделген ядролық қаруы зымыранды атмосфера ыстығынан қорғап тұратын бірнеше жүз киллиограм артық жүкті де арқалай алады деген мәлімет бар.

«ЗЫМЫРАНЫМЫЗ АҚШ-ҚА ЖЕТЕДІ»

Дэвид Райт пен Тед Постол есімді физик ғалымдардың пікірінше, «Егер Unha-3 бір тонна жүкпен ұшатын болса, онда 10 мың шақырымға дейін жете алады. Мұндай жағдайда ол өзінен қашықта орналасқан 48 мемлекетке ұшып бара алады».

Физиктер Солтүстік Кореяның зымырандары 9-10 мың шақырымнан артыққа ұша алмайды деп болжаса да, Солтүстік Корея «біздің зымыран АҚШ-қа дейін жетіп жарылады» деп бірнеше рет мәлімдеген.

Ғалымдардың ойынша, Unha-3 құрлықаралық баллистикалық зымыран емес.
Инженерлер Unha-3 спутнигін тексеріп жүр. Солтүстік Корея, 8 сәуір 2012 жыл.
Инженерлер Unha-3 спутнигін тексеріп жүр. Солтүстік Корея, 8 сәуір 2012 жыл.
​ Алысқа ұшатын зымыранның басқа проблемаларын айтпағанда, оны отынмен қамтамасыз ету – өз алдына бөлек жұмыс. Әскери жағынан алып қарағанда да Солтүстік Кореяның зымырандарында кемшіліктер жетерлік. «Солтүстік Корея болашақта Қытай сияқты зымырандарын тауға орналастыруы мүмкін. Әзірше олар олай жасаған жоқ» дейді мамандар.

Солтүстік Корея биыл көктемде Ким Ир Сен алаңында зымырандарын көрсетіп, парад өткізген. Мамандар «Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымырандары сол кезде көрсетілген зымыран макеттерінен аумайды» дейді. Олардың ойынша, бұл – ұзақ мерзім сақталып, арнайы отынмен ұшатын үш сатылы зымырандар.

Кейбір мамандар автордың «Корея зымыран жасауда алға дамыды» деген пікірімен толық келіспейді. Бірақ автор «Солтүстік Кореяның агрессивті қимылына қарап, солай пайымдауға негіз бар» деген уәж айтады.

ИРАННЫҢ «ШӘКІРТІ»

Foreign Policy мәселенің екінші қырына да үңілген. Басылым Солтүстік Кореядағы зымыран сынақтарына ирандық мамандардың да қатысқаны жайлы талай ақпарат тарағанын жазады.

2006 және 2009 жылдары, 2012 жылы көктемде «ирандық мамандар Солтүстік Кореядағы сынақ амалдарын бақылады» деген мәліметтер жария болған. Бірақ
Иранның Shahab-3 зымыраны. 2 қараша 2006 жыл.
Иранның Shahab-3 зымыраны. 2 қараша 2006 жыл.
Солтүстік Кореяға барған ирандықтар нақты мамандар ма, әлде құрметті қонақтар ма – ол жағы анық емес. АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары бұған дейін ұшырылған зымырындарға Иранда Shahab-3 зымыранын жасаған Shahid Hemmat Industries институтының делегациясы ұдайы келіп қатысқаны жайлы талай рет жазған.

Foreign Policy-дің дерегінше, Солтүстік Корея бірнеше жыл бұрын Ресейдің SS-N-6 деп аталатын зымыранын Иранға сатқаны жайлы да алыпқашты әңгіме тараған. «Солтүстік Кореяның Musudan деп аталатын зымыранды жетілдіріп жатыр, ал ирандық мамандар Safir-2 ракетасының жоғарғы сатыларын күшейту үшін көлемі кішірек двигательдерді пайдаланған сияқты. Солтүстік Корея Unha-ны жасағанда ирандықтардың осы жаңалығын қолданған болса керек» дейді басылым. Автордың пайымдауынша, Солтүстік Корея қазір Иранның мамандарына зәру емес. «Бір кездегі Иранның шәкірті ұстазын басып озды» деп жазады шетелдік басылым.
XS
SM
MD
LG