Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдырып жатыр. Қоқыс үйіндісін толқын су бетімен жая түсіп, оны жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері ең әуелі зиян шегеді.
Бірақ пластик қоқыстар – кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды.
МӘҢГІЛІК ҚОҚЫС
Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы ең үлкен осы иірімге жиналып қалады.
Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологы Трейси Минсер мен оның Теңіз биологиясы зертханасындағы әріптестері және Теңіз білімі қауымдастығының cтуденттері пластик қоқыста тіршілік ететін микробтарды зерттеп көрді.
– Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әрнәрсеге жабыса бермейді. Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады, – дейді Минсер.
Шағын пластик қалдықтарын ұсақ торлармен жинаған зерттеушілер пластикті электрлі сканерлеу және гендік секвенирлеу әдісі арқылы зерттеді. Солайша өздері күтпеген бактериялардың қомақты колониясын тауып, оларды «шұңқыр қалыптастырушылар» деп атады. Микробтар пластикті талқандап, оған еніп алған. Соның әсерінен пластик қоқыстың беткі қабатында жаңа, таң қаларлық экожүйе тіршілік ете бастаған. Пластисфера организмдерінің құнары аз судағы басқа тіршілік иелерінен ерекшелігі – олар пластикті жасанды микробтық риф ретінде қолданады. Бұдан ауру тудыратын микроорганизмдер мен басқа да зиянды балдырлар пайда болуы ықтимал.
– Әрине, ол да мүмкін. Бұл токсиндердің көбі табиғатынан майлы, олар пластикке сіңеді. Микробтар пластикті токсиннен арылтады, – дейді Минсер.
ЖҮЗБЕ ҚОҚЫСТЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ – ПЛАСТИК
Бұл қосындылардың кейбірі адамға гормоналдық тұрғыда ықпал етеді екен. Мұхит бетінде жүзіп жүрген қоқыс үйіндісінің 90 пайызы – пластик заттар. Бес қоқыс үйіндісінің ең үлкені – Тынық мұхиттың бетінен табылған «арал» Техас штатынан екі есе үлкен. Минсердің айтуынша, пластиктің теңіз жануарлары мен адамға әсерін білген маңызды.
Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады, Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме? Микробтар олардың ауырлауына ықпал ете ме?» деген сауалдар қояды.
Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтар пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтардың геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па» деген сауалға жауап іздемек.
«Америка дауысы» радиосы тілшісі Розанна Скирблдің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.