Foreign Policy-дің қыркүйектің 8-і күні жазуынша, 2006 жылы египеттік құқық қорғаушы Аббас екі полицейдің автобус жүргізушісін сойылмен аяусыз сабап жатқан сәтін видеокамераға түсіріп, оны интернетте жариялаған.
Көп уақыт өтпей Аббастың видеосы кенеттен «YouTube-тің қатыгездікке тыйым салуға қатысты ережесіне қайшы» деген себеппен тоқтап қалады.
Адам құқығын қорғаушылар YouTube-тің қазіргі иесі Google компаниясына Аббастың салған видеолары «Египет полициясының қатыгез әрекетін анық көрсеткен айғақ, әрі, бұл видео реформа жасауға таптырмайтын құрал» деп ескерткен соң YouTube бұл видеоларды қалпына келтірген.
Осы оқиғадан соң Google «кейбір видеоматериалдар ар-намысқа тиетін болса да, оларға тыйым салудың қажеті жоқ» деп шешкен.
«МҰСЫЛМАНДАР ПӘКТІГІНІҢ» ДАУЫ
«Мұсылмандар пәктігі» пайда болғанда Google тағы да принциптерін өзгертуге мәжбүр болды» деп жазады басылым. Google дау туғызған фильмді Египет пен Ливия халқы көре алмайтын етіп жауып тастаған. Автордың зерттеуінше, Египет пен Ливия ол фильмге шектеу қоюды сұрамаса да, компания өзі солай жасаған.
Алғашында Google бұл фильмді видео желісіне қабылдап, тіпті Ақ үйдің оны «түбегейлі алып тастаңдар» деген өтінішін тыңдаған жоқ. Бірақ Үндістан мен Индонезияға фильмді көрсетпей тастаған.
Google осы әрекеттің бәрін өзінің ішкі ережелері мен халықаралық заңдарға сүйеніп жасағанын мәлімдеді. Фильмге байланысты оқиға шиеленіскен кезде Google-дің бұл шешімі оңтайлы боп шықты. Іле-шала мұндай тәсіл YouTube-тегі басқа да видеоларға қолданылды.
ӨЗ ҚАҒИДАСЫНА ҚАЙШЫ ҚАДАМДАР
Foreign Policy-дің жазуынша, Google, Facebook және Twitter сияқты әлемдік желіні басқарып отырған тәуелсіз компаниялардың кейбір ақпараттарды алып тастауды немесе өшіріп жіберуді нендей заңдарға сүйеніп жасайтыны анықталмаған, әрі нақты ешқандай да сот шешіміне негізделмеген. Қалай болғанда да олар жекелеген адамдардың ой-пікірлерін желіде өздері реттеп отырады. Онымен қоса кейбір кездері нақты бір мемлекеттің өтінішін де орындау үшін өз қағидаларына қайшы келетін қадамдар жасауға мәжбүр.
Интернет кеңістігін игерген ірі компаниялар әлем бойынша қоғамдық-саяси ой-пікір қалыптасуына ықпал етіп отырғандықтан олар кей кездері екі түрлі таңдаудың алдында тұрады. Себебі желіде жарияланған ақпарат кей кездері жағымсыз нәтиже туғызуы мүмкін. Қақтығыстарға түрткі болып, қандай да бір топ, не болмаса телеарна мұндай ақпаратты арандату үшін пайдаланады. Ал компания ол әрекеттер үшін жауапкершілікті мойнына ала алмайды. «Ой мен сөз еркіндігіне жол ашып, ашықтықтың дамуына үлес қосып отырған компаниялар осындай кезде қалай әрекет еткені дұрыс?» деген сауал тастайды Foreign Policy.
Мақала авторының зерттеуінше, Google кейбір ақпараттарды «үкіметтің талабымен шектеп тастадық» деген қосымша хабарлама жазған. «Мұсылмандар пәктігі» фильмі алғаш шыққан күні Египеттегі тұтынушылар оны көре алмаған. Компания оларға арнап «соттың заңды шешімімен» бұл ақпарат құрсауланды» деп хабарланған. Көп уақыт өтпей оның орнында сайтта «Бұл видеоны сіздер тұрған елден көру мүмкін емес» деген хабарлама пайда болған.
Мақала авторы «Мұсылмандар пәктігі» фильмі ерекше жағдай болғандықтан, оған қатысты шешімнің де бөлекше шыққанын, алайда YouTube болашақта өзінің ой-пікір еркіндігін шектемеу жайлы принциптерін сақтауы тиіс екенін жазады. Егер болашақта тағы да осыған ұқсас оқиғалар қайталанып, компания принциптерін және өзгертуге мәжбүр болса, оның себебін түсіндіре кететін анық мәлімет беруі керек. Автор Google осындай әрекеттер арқылы таразы басын тең ұстай алар еді деп пайымдайды.
Foreign Policy даулы видеолардың кейбір елдерде көрсетілмеу себебін «YouTube-ке салынған ақпараттың мазмұны ешқандай қатыгездікке шақырмаса да, қақтығыстардың туындауына байланысты бұл видео уақытша жабылды» деп түсіндіреді. Басылымның ұсынысы бойынша басқа елдер үшін бұл видеолар ашық тұрғандықтан былай деп жазса да болады: «Мазмұны жағымсыз болғандықтан кейбір адамдардың бұл видеоны көрмей-ақ қойғаны абзал».