Америка Құрама Штаттары Ирак соғысын бастағанда жойқын қаруды залалсыздандыру мақсатын алға тартқан болатын. Соғыстың жеңіспен аяқталғанына үш аптадан асса да Иракта қару жарақтың ізі ашылмай тұр. Жойқын қаруды табудың жолын көрсететін бірде бір ирактық та табылмады.
Ирактың жойқын қаруын таба алмай жатқан АҚШ пен Британия тергеушілері өздерін дәл осындай жағдайда болған Біріккен Ұлттар Ұйымы қару комиссиясының сарапшылары сияқты сезіне бастады. АҚШ қолбасшылығы Ирактың елу бес жоғарғы басшысын қолға түсіру керек деп соғыс кезінде тізім жасап, олардың сүреттерін кәдімгідей ойын карталарындай сияқты басып, сарбаздарға таратып берді.
Тізімдегі ұлықтардың он тоғызы бүгінде қолға түсірілді, бұлардың сыртында біреуі қаза тапты. Сол сияқты Ирактың жойқын қару өндірісіне атсалысқан деген күдікпен бірнеше ғылыми жетекші және бірнеше жоғары лауазымды ресми өкіл қамауға алынды. Олардың бірде біреуі Иракта заңсыз қару болды деп көрсетпей отыр.
АҚШ президенті Джордж Буш мамырдың алтысында Вашингтонда сөйлегенінде Саддам Хусейннің қолында жойқын қару болғаны анық деп тағы қайталады.
- Саддам Хусейн жойқын қару бағдарламасын жасыруға бірнеше жыл жұмсағанын білеміз. Уақыт өткен соң шындықтың беті ашылады. Саддам Хусейнді кетіріп, оны биліктен тайдырып Америка қауіпсіздігін арттырғанымызға Америка халқының көзі жететін болады, - деп мәлімдеді президент Буш.
Президент Буш қолға түскен Ирактың жоғары лауазымды тұлғалары шындықты ашпай отырған жағдайда орта бұындағы ирактықтардан көмек сұраған жөн дейді. Жаппай жасырын жерленген сүйектерді табуға орта бұындағы ирактықтар қалай көмектессе, жойқын қарудың құпия қоймаларын табуға да олар солай көмектесе алады, дейді Буш. Вашингтонда орналасқан Карнеги халықаралық бейбітшілік қоры директорының орынбасары Джонн Уолфстейл бұл ұстаныммен келісіп отыр, орта бұындағы не болмаса төмен бұындағы ирактықтар соғыстың алдындағы соңғы апталарда не болмаса санаулы күндерде жойылуы не жасырылылуы мүмкін жойқын қару жөнінде әлде қайда көбірек білуі ықтимал, - дейді Джонн Уолфстейл. Бірақ, АҚШ және Британия әскерлері жасырынған қару жарақты террорлық топтардың қолына түспей тұрып не болмаса табиғатты ластамай тұрып тезірек тапқаны жөн.
- Бұл тұрғыдан қарағанда, химиялық не биологиялық қару жөнінде білетін төменгі бұындағы бірде бір ирактық АҚШ әскеріне атсалысуға шақырылған жоқ, - дейді Джонн Уолфстейл Азаттық Радиосының тілшісі Эндрю Туллиге берген сұхбатында.
- Шындығында біз оларды әлі де болса қылмыскер деп қабылдаймыз. Екінші жағынан, американдықтардың қолына өтсек жағдайымыз жақсарады деп олар ойламайды. Ирактың жаңа үкіметі таяу болашақта оларды сатқын ретінде жазаламайтынына кепіл жоқ. Оларға рақымшылық ұсынылуы екі талай, не болмаса қорғау не болмаса елден шығып кету де ұсынылмай тұр. Сондықтан Америка Құрама Штаттары ретсіз жағдайды бұрып, оларды жойқын қару табуға атсалысуға ынталандыру керек, - дейді Карнеги халықаралық бейбітшілік қоры директорының орынбасары Джонн Уолфстейл.
Жойқын қару бағдарламасына қатысқан орта не төменгі буындағы ирактықтармен жұмыс істесу – ұзақ мерзімді жұмыс екен анық. Мұндай азаматтардың білімін Иракты қайта құру шаруасына жұмсау керек, олар елден құылатын болса өзге мемлекеттердің жойқын қаруын жасауға атсалысады. Ерте ме, кеш пе, жойықын қарудың ізі Иракта табылады, бірақ осы мүмкіншілікті қазір пайдаланған жөн, - дейді Джонн Уолфстейл.
Зейнет демалысына шыққан АҚШ-тың әскери генералы Эдуард Аткесон болса бұл мәселеде шамалы оптимизм танытады. Эдуард Аткесон барлау офицері ретінде Европада ұзақ жылдары қызмет етті. АҚШ және Британия басшыларының мазасыздығын қоздыратын Саддам Хусейннің қолында соншалықты жойқын қару болды деп ойламаймын. Саддам Хусейннің құпия қоймалары жөнінде кезінде естімедім. Сондықтан, Ирактың жоғары лауазымды не болмаса төменгі лауазымды қызметкерлерінен қайыр болады деп танымайын, -дейді генерал Эдуард Аткесон.
- Мен олардың соңынан дәл осындай ынтамен жүрер едім. Айқан нысанаңыз болмағанда сіз дөй далаға мылтық атасыз, - дейді Эдуард Аткесон. - Саддам Хусейннің қолында жойқын қару болмады деп те айта алмаймын. Бірақ не Америка Құрама Штаттары, не Британия қолдарындағы барлау мәліметтерді жарияламады, сондықтан соғыстың жөні-жөнсіздігі де күдікті, - дейді Эдуард Аткесон. Ендігі шаруа – АҚШ пен Британия ирактықтарды жұмыс істесуге ынталандырып, жойқын қаруды бірге табуға кірісу керек, - дейді Эдуард Аткесон.