Ақмола облысынан Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ретінде облыс әкімінің орынбасары Светлана Жалмағамбетова ұсынылып отыр.
Әкім орынбасарын Сенат депутаттығына осы облыстағы Шортанды, Қорғалжын және Ерементау аудандарының мәслихаттары ұсынған. Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну шілде айының 22-іне дейін жалғасады. Ал Сенат депутатын сайлау тамыздың 23-іне белгіленіп отыр.
Бұның алдында Ақмола облысынан Сенат депутаттығына сайланған Марат Қойшыбаев мемлекет мүлкін талан-таражға салған деген айыппен сот үкімімен 5 жыл мерзімге шартты жазаға кесілген болатын. Сол себепті биыл жазда Парламент Сенаты оны депутаттық мандатынан айыру туралы шешім қабылдаған еді.
Сонымен бірге алдағы қыркүйек айының 20-сында Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – маслихаттарға депутат сайлауы өткізілетін болады. Мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну маусымның 27-сінде басталып та кетті.