“Қазақстанда экономикалық көрсеткіштер қарқынды даму үрдісін аңғартып отырғанымен ел экономикасы тұрақталды деп айтуға әзірге ерте”.
Шілденің 8-күні Қазақстан үкіметінің кезектен тыс отырысында үкімет жетекшісі Даниал Ахметов осылай деп мәлімдеді.
Бас министрдің айтуынша, Қазақстанның экспортқа шығаратын негізгі тауарлары шикізат болғандықтан олардың әлемдік базардағы бағасы аяқ астынан өзгере қалуы Қазақстан экономикасына да теріс ықпал етпек. Сондықтан да республика шет жаққа шығарып отырған шикізатқа бағаның қазіргі қолайлы жағдайын ұтымды пайдаланып, ұлттық экономиканың таяу болашаққа арналған басымды бағыттарын белгілеуіміз қажет деді Қазақстанның премьер-министрі. Бұл орайда ол өзі басқаратын үкімет тактикасында екі бағытты атап өтті. Біріншісі, экономикадағы жүйелі реформаларды онан әрі жалғастыру. Ал, екінші, үкіметтің іс-қимылын қысқа мерзімді басым міндеттерді шешуге жұмылдыру.
Бас министр “ел экономиксындағы теміржол, телекоммуникация және энергетика секілді маңызды салаларда монополияны жою және бәсекелестікті дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жалғастыруға қажетті барлық жағдайлар бар” деп мәлімдеді.
Темір жол саласында жолаушылар тасымалын жүк тасымалынан бөлу қажет, елде жүк тасымалдаушы кәсіпорын мен Ұлттық темір жол компаниясы құрылуы тиіс. Ұлттық компания магистральді темір жол жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын оператор міндетін атқаратын болады.
- Үкімет елдегі темір жол саласында бәсекелестікті дамытуға керекті құқықтық базаны биылғы жылғы қараша айына дейін қалыптастыруы керек, келер жылдан бастап темір жол көлігі субъектілері жекешелендірілетін болады, ал 2005 жылы жолаушы тасымалы өз алдына дербес болуы тиіс, - деді премьер Д.Ахметов. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру үшін көлік және коммуникация министрлігі құрамында теміржол көлігі комитеті құрылады.
Қазақстан дербес ел атанғалы монополия иелігінде міз бақпай отырған тағы бір сала - телекоммуникация саласында да бәсекелестікті дамытатын уақыттың жеткені айтылды. Бұл саладағы барлық оперторларға келесі жылдың алғашқы жартысынан халықаралық және қалааралық байланыс қызметін көрсету құқын беру керек деді Қазақстанның үкімет жетекшісі. Оның айтуынша, бұл іс республиканың ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің басты міндетінің бірі болуы тиіс. Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде Қазақстанның телекоммуникация саласында мобильдік байланыс қызметін ұсынушы екі оператордың тың өзгеріс әкелгенімен, іс жүзінде ол екеуі қазіргі таңда осы салада монополиялық жағдай қалыптастырып отыр. Сондықтан, осы байланыс түрін дамытатын бәсекелестікке жол ашу да үкiметтiң алда тұрған міндеттерiнің бірі болмақшы.
- Қазақстан 2006-жылы Каспий теңізінен коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастайды, - деп мәлімдеді Қазақстанның бас министрі Даниал Ахметов. Бірақ үкімет әлі күнге дейін бұл іске қажетті инфрақұрылымды қалыптастырып жасамай отырғанын үлкен кемшiлiк деп атаған бас министр алдағы қыркүйек айына дейiн Каспий теңiзiндегi инфрақұрылымды қалыптастыруға арналған нақты шараларды әзiрлеудi жүктедi.